100 жасқа қалай жетуге болады?

100 жасқа қалай жетуге болады?

Адамзат баласы бағзы заманнан бері өмірді барынша ұзартуды армандаған. «Жастық эликсирі» сияқты сан алуан ішімдіктерді іздеп, шексіз өмірдің сырын түсінуге тырысты. Қазір біз медицинаға сеніп, косметиканың түр-түрін қолданып жүрміз. Алайда бәрі-бір ауырамыз, қартаямыз. Негізі, ұзақ өмір сүрудің формуласы бар. Оны украиндық «СТБ» телеарнасының «Өмір сүру ережелері» атты бағдарламасы шығарып көрді. Соңғы кездері аталған бағдарламаның танымдық сюжеттерін қазақстандық телеарналар да көрсетіп жүр.
«100 жылға дейін қалай жетуге болады?» деген тақырыппен шыққан бағдарламаның кезекті санында 100 жасқа жеткен алты адамның өмірі зерделенеді. Осының негізінде журналистер ұзақ өмір сүрудің формуласын шығарды. Біріншіден, адамның миы белсенді түрде жұмыс істеуі тиіс. Соның арқасында адам ағзасының жасушалары жаңарады, тіпті қайтадан қалпына келіп, организмнің жасаруына себеп болады. Екіншіден, адам тұқымында ұзақ өмір сүру «гені» бар. Ол да жүзге дейін жетуге көмектеседі. Дегенмен, ондай гені жоқ адамдар салауатты өмір салтын ұстанып, «гендік программаны» өзгерте алады. Үшіншіден, дұрыс тамақтану қажет. Төртіншіден, үнемі қозғалыста болған жөн. Бұл мүлдем отырмау деген сөз емес. Күнде тиісті денешынықтыру жаттығуларын жасап, жаяу жүріп тұрған дұрыс. Сосын мамандардың басым бөлігі күйзеліске түспеуге кеңес беріп жатады. Бірақ адам үшін титтей болса да, күйзелістің болғаны жақсы. Себебі қандай да бір жетістікке жету жолында қобалжу болады. Ал көздеген мақсатқа жеткен кезде қанағат пен бақыт гармондары бөлінеді. Ондай гармондардың адам ағзасына тигізер пайдасы мол. Бесіншіден, «ұлы сөзде ұяттық жоқ» демекші, тұрақты жыныстық қатынас болу қажет. Өйткені ол да қажетті гармондардың бөлінуіне әсер етеді. Алтыншы мәселе, ол – оптимизм.
Ресми деректерге сүйенсек, әлем бойынша ең ұзақ жасаған адам – әзірбайжандық Шерәлі Мүслімов. Оның 168 жасқа дейін жеткенін ресми құжаттар растап отыр. Ол 136 жасында үшінші рет үйленіп, тағы бір қыз баланың әкесі атанды. Бір қызығы, дәрігерлер оның ағзасын тексергеннен кейін таңқалды. Шерәлі бабаның денсаулығы жас азаматтың денсаулығымен бірдей болды.

Арман АСҚАР

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста