Айтсаң айтты дейді, айтпаса ана иттің артын қарашы дегендей, үш баланың кітап, дәптерін қаптаймын деп қаным басыма теуіп миым айналып кетті.
Бұрын 2 м салафанмен барлық кітапты бірдей қылып қаптап, шетін үтіктеп, дәптерлерді стандарт қаппен қаптай салушы едік. Қазір он бес кітаптың өлшемі он бес түрлі, дәптерлер туралы айтпай-ақ қояйын қырық түрлі. Аз болса "бір тонна" салафан қап сатып алдық. Айналайындар-ау, ең болмаса осыны белгілі бiр стандартқа келтіруге болмай ма? Ақшасын былай қойғанда алған қаптар біріне келсе біріне келмей жеп қояды ғой жүйкені. Сағадиев қалай келді солай мұғалім де, ата-ана да, бала да жынды болды...оқу бағдарламасын қойып кітап, дәптердің қабы да миды ашытты. ((( Ертең өңкей есуасты басқару оңай ма билікке(((()))
Жанбота Сұлтанмұратқызы
Фейсбуктегі парақшасынан