Біз қатты қателестік

Біз қатты қателестік

Осыдан бес - алты жыл бұрын ба екен, әлде он жыл бұрын ба екен «Қазіргі жастар үлкенді силамайды. Адам айтқанын тыңдамайды, жауыз, ішкі дүниелерінде имандық сезімі жоқ. Ішкендері арақ, шеккендері темекі.» - дедік те, не істедік!? Жаппай жастардың бетін дінге бұрумен шұғылданып кеттік. Өзгеріс лез арасында байқалды, әр бір жастың ауызында «Алла мен Астафирулла» болды. Өз көзіме, өз құлағыма сенбей қалғанмын. Іштей қуанған кезімде болған!.. Бірақ, жылдар өте нені байқадық!? «Сен Аллаға серік қосып отырсың, мына жасап отырған әрекетің ширк. Жеті күлше таратуға болмайды, бұл ислам дініне қарсы нәрсе. » - деп, т.с.с жәйттарды дікеңдеп үлкен кісілерге ақыл айтқан боқ мұрындар қаптап кетті емес пе!? Иә, иә, дәл солай, діннен соншалық бір хабары жоқ, ақыл айтқыш боқ мұрындар қаптап кетті. Осы мәселені көтерер кезде, жастарды имандылыққа, мұсұлмандыққа бет бұруларына ат салысып жүргенімізде тағы не болды!? Дәл осы кездер де заң қабылданып өзге ағым діндері елімізге ағылып - төгіліп келді. Халықтың ауызы ашылды да қалды... Дәл осы кезде мына дертте бірге еріп келгенін кейін түсіндім. «Уағыз тыңдап адам болайын!» - деген оймен, бір исламдық топқа тіркелдім, сонда жүріп тағы бір топқа тіркелдім. Сонда мынаны байқадым: - Бірінші топта бір уағызды, МЫС: - «Сенің ана жүрісің болмайды, бұлай жүр» десе, келесі топта дәл сол жағдайдағы уағызды басқаша түсіндірмемен таратып отыр. Бұл не!? Сонда сол топтардың тізгінін ұстап отырғандар діннен хабары жоқ болғаны ғой. Ол топтың тізгінін ұстап отырған жандар жас бүлдіршіндер болуыда мүмкін. Көргенін алып таратып отыра беретін. Бірақ бұл әрекетімізбен біз өз жастарымызды құрдымға әкетіп бара жатқанымызды қалай ойламаймыз!? Сол кезде мына ой келді басыма «Барлық елдің мұсылмандары бір елге жиналып, құранды және уағыздарды неге бүге - шүгесін зерттеп аударып әкеліп барып, халыққа бірақ таратпайды екен!» - деген. Бір жігіт болды достығымда, ислами жазбаларды таратып отыратын парақшасында. Сол бір жазылған мысал әңгімені бұрмалап аударып таратып отыр екен, сонда мен оған былай деген болатынмын «Ана суреттегі жазба мен сенің аударып отырғаның екі бөлек нәрсе. Сенің не көксегенің бар осы!? Бір жақта ислам дінінен білім алып келіп па едің!?» - деп едім, «Жоқ» - деп жауап берді. «Егер білімің жоқ болса, өзің ақ - қараның қайсы екенін ажырата білмесең, мұндағы 5000 досыңа мына жазбаны бұрып аударып таратып не басты қатырып отырсың!?» деп қайта жаздым. Сол мезетте достығынан өшірді де жіберді. Өзінің іс әрекеттеріне жауап бере алмайтын осындай білгір жастар қазір көп - ақ, жоқ - көп емес, қаптап кетті.
Жастарды исламға жастайынан бұрған дұрыс та шығар бірақ қадағалап отыратын кім бар!? Ешкім жоқ қой. Қадағалап отырар адам болса, қаізіргі жастар неге әр түрлі діннің айналасында жүріп, өз ара қырқысқа түсіп жүр!? Сол кездерде, барлық жастарды (ӘДЕБИЕТКЕ, ӨНЕРГЕ, СПОРТҚА, ЕҢБЕККЕ) баулу қажет еді. Әдебиетті оқып өскен бала, есейгенде жаман жігіт не жаман қыз болмайтынына мен мың пайыз сенімдімін! Әдеби кітаптарда ( адамды тура жолға салар шын - шытырман оқиғалар көп, керемет романдар бар) осыны оқыған жас балалардың көзі ашық болар еді. Кіммен жолдас, кімнен бой тасалап жүруді де үйрететін мына әдеби кітаптар. (Үлкенге құрмет көрсетуді, қыз баланы сыйлау, ата - ананы құрметтеу, осының барлығында адам баласының бойына сіңіретін де, осы әдеби кітаптар) Өзге діни ағымдар ағып келе бастағанда осының барлығын жастардың басына жүздік шегемен мықтылап шегелеп қағу керек еді, кемпір аузбен, шеге жұлғышпен жұлсаң да жұлынбайтындай етіп. Жастар өсіп өнгенге дейін, өз салт - дәстүірімізді миларына құйып, содан аттап баспайтындай ету керек шығар деген ойымда жоқ емес. Мына түрімізбен қазақылығымыздан айырылып барамыз ағайын... Өз салт - дәстүріңіді, мәдениетіңді, болмысыңды ұмытпауға тиістісің және міндеттісің! Ал дінге келер болсақ, (дін, сенім, т.с.с жәйттар, әр адамның өз жандүниесінде - жүрегінің түгінде болуы керек)
P.S. «Алла тағала бізді жаратты» Иә, бұл ислами тұрғыдағы түсінік, дұрыс! Меніңде жүрегімнің түгінде Аллаға деген сенім бар! Бірақ Алла тағала бізді қазақ етіп жаратты, салт - дәстүрімізбен, өз болмысымызбен. Енді неге қазіргі қырыққа бөлінген ислами түсініктер бойынша біз өз салт - дәстүрімізден ажырауымыз керек!? Бұлай болмайды, салт - дәстүр де, болмысызда бізге сол жаратқаннан берілген сый! Кей елдер де, осындай салт - дәстүрлерге зәру екенін білетін боларсыздар, сондықтан өз қазақылығымыздан еш ажырамайық!

Бексұлтан Телғозы
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста