Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингісінде 4-орын) Цинциннатидегі (АҚШ) турнирдің 1/8 финалында италиялық спортшы Жасмин Паолинимен (43-орын) матчты аяқсыз қалдырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап жазды.
Е.Рыбакина бірінші сетте жеңіске жетті, есеп— 6:2. Дегенмен, есеп 2:5 болған сәтте иығының жарақатына байланысты ойынды тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша, Елена Рыбакина турнирде өнер көрсетуін аяқтады. Жасмин Паолини болса, жартылай финалға шықты.
Айта кетейік, Цинциннати турнирінің жүлде қоры биыл 2 788 468 долларды құрайды. Жарыс жеңімпазы 454 500 доллар алады, сондай-ақ рейтингілік 900 ұпайға ие болады.
Аталған турнирдің қазіргі чемпионы Франция өкілі – Каролин Гарсия (6-орын). Ол өткен жылы ақтық кезеңде Чехия теннисшісі Петра Квитованы (9-орын) жеңген еді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz