Апалы-сіңілі Уильямстерді "ағайындылар" деп несі бар еді

Үлкен теннистен Ресей федерациясының президенті Шамиль Тарпищев апалы-сіңілі Серена және Винус Уильямстерді "ағайындылар" деп салып, бұл халықаралық деңгейде әжептәуір дау-дамайға айналды, деп жазады "Алаш айнасы".
Ресейдің Бірінші арнасының "Вечерний Ургант" деген бағдарламасы кезінде Шамиль Тарпищев апалы-сіңілі Серена және Винусті "ағайынды Уильямстер" деп қойып қалған...
Содан WTA (әйелдері теннисі қауымдастығы) басшылары мұны тіл тигізу, қорлау, кемсіту деп қабылдап, Шамиль Тарпищевті жазаға тартты. Атап айтқанда, 25 мың доллар айыппұл салып, WTA саласындағы жұмыстардың бәрінен бір жылға аластатты. Тіпті оны Федерация кубгына қатысатын Ресей құрамасындағы жұмыстарынан шеттетуді қарастыратындықтарын мәлімдеді.
Сондай-ақ WTA басшылары Тарпищевтің Серена мен Винустан жекелей кешірім сұрап, теннис әлемінен баспасөз беттері арқылы кешірім өтінуі керек екендігін мәлімдеген болатын.
Бүгін WTA сайтында Ресей федерациясының президенті Шамиль Тарпищевтің апалы-сіңілі Серена және Винус Уильямстерден көпшілік алдында кешірім сұраған мәлімдемесі жарық көріпті. Онда Тарпищевтің сөздері:
– Жай әзілдеп, сөйлей салып едім. Бірақ енді айтқанымның мүлде дұрыс емес екендігіне көзім жетті. Мен өз сөздерімнің дұрыс болмағандығын, кемсітушілік тұрғысында түсінілетіндігін білдім. Осыған орай, бүкіл теннис әлемінен, әсіресе апалы-сіңілі Уильямстерден кешірім сұраймын, – дегенге саяды.
Ал оның көпшілік алдында кешірім сұрағанына дейін бұл жағдай Ресей теннисшілері арасында біраз дау-дамайға айналды. Басында Шамиль Тарпищевті жақтап сөйлеушілер біршама болғандай да еді. Негізінен олардың сөздері "түймедейді түйедей қылып өршітіп отырған апалы-сіңілі Уильямстердің фанаттары" деген мағынада айтылды. Сонымен қатар "Тарпищевтің оларды кекетейін деп айтпағанды түсінікті, сондықтан оны қазбалаудың қажеті қанша" деушілер де бірсыпыра болды.
Рас, Ресейдің теннисші қыздары арасында Тарпищевтің қойып қалған әлгі сөздерін түпкілікті құптамайтындар да болды. Мысалы, Мария Шарапова "мұндай сөздерге жол берілмеуі керек, әсіресе осындай лауазымды адамның бұлай айтуы дұрыс емес, бұл – мүлде жауапсыздық", – деген болатын.
Ал оған Ресейдің көпшілікке танымал бұрынғы теннисшісі Евгений Кафельников әлеуметтік желі былай деп жауап жазды:
"Бәлі, достар! Маруся АҚШ-та жүріп, Ресейлік әзіл-оспақ сезімінен айрылып қалғандай, өкінішті-ақ".
Қалай десек те, Ресей теннисшілері қалай даурықпаса да, Шамиль Тарпищевтің "аңдамай сөйлеген ауырмай өледі" деген қағиданың керін жасағаны анық сияқты. Бәлкім, Ресей телеарнасынан айта салған әзілі апалы-сіңілі Уильямстер мен WTA басшыларына жетпейді деп ойлаған да болар.
Ал WTA апалы-сіңілі Серена және Винус Уильямстерді "төрткүл дүниедегі әйел затына үлгі бола алатын, өз мақсаттарына жетуде барлық қыз-келіншектерді рухтандыра алатын теңдессіз тұлғалар" деп білетіндіктерін жария етті. Олар әйелдер теннисі тарихындағы екі Ұлы чемпион қызды қолдап, ара түсті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста