Кәсіп көзі ауылда

Кәсіп көзі  ауылда

«Саят» пен «Ырыстың» ырысы артуда
Облыс орталығынан шалғай жатса да, қожалық иесі 10 гектарға қызылша егіп, 5 гектарға алма көшетін отырғызыпты. «Кезінде қызылшаның ота­ны осы ауыл болған» деген Саят Құрманбаев мал шаруашылығымен айналысуда. Атакәсіппен 8 жылдан бері айналысқан қожалық иесі алма көшеттерін Көксу ауданы­нан алған. Ол алманың төрт түрінен өнім жинау­ды көздеген. «2020 бағдарламасымен» мал сатып алған кәсіпкердің мал басы 50-ге жетіпті. Үшарал қаласының іргесіндегі «Ырыс» шаруа қожалығының төрағасы Ырыскелді Айманбетов 200 басқа арналған мал бордақылау алаңын салған. Бүгінге дейін 325 бас малды семіртіп, өні­мін өткізген ол күзге дейін 400-500 басқа дейін жеткізуді мақсат тұтады. Мал өніміне деген сұраныстың артуына орай, осындай тағы бір алаң салуды көзде­ген кәсіпкер 80 тоннаға дейін ет өткізуді межелеп отыр. Ақбас тұқымды мал өсірумен айналысып, аналық бағыттағы малдың төлін көбейтіп, еркегін бордақылауға қойған. Бордақылау алаңында мал соятын цех жұмыс жасауда. Өндірген өнімді делдалсыз сатуға арналған арнайы дүкенді Талдықорған қаласынан да ашпақ.
Ет өнімдерін саудалайтын әлеуметтік дүкендер Алматыдағы супермаркеттерден кем болмайды дейді. 845 гектар жері бар шаруашылықта 15 адам жұмыс істейді. О, баста алып-сату кәсібімен айналысқан Рыскелді мал шаруашылығымен айналысуға бертінде көңіл бөлген. Кәсіпкер жасап жатқан тірлігін өзі үшін де, халық үшін де пайдасы зор екенін айтады. Мұнда малды тірілей де, сойып та сата береді. Оның айтуынша бордақыға қойылған ірі қараның еті қойдың етінен тез піседі, әрі жұмсақ болады. Қазірдің өзінде көл маңайында үлкен пансионаттардың қожайындары мал өніміне тапсырыс беріп жатыр.
Жыланды мен Лепсіде тегін қымыз таратылады

Ауылдың Жыланды аталуына келсек, ауыл әкімі Әнуарбек Жүнісбеков­тің айтуынша, таудан түскен нөпір жыланнан ауылдағы өзеннен атты кісі өте алмайды екен. Ордалы жылан көшіп жүріпті. Ықтымбай молда, жыландардың тілін байлаған деседі. Биттісай тауынан түскен жылан суға түскенде мал көшкендей шаң шығады екен. Таудың Биттісай аталуы да қызық. Шөп қалың, ит тұмсығы батпайтын орман-тоғай болғандықтан, ел-жұрт «ит түгіл бұл орманнан бит те өте алмайды» деп, Биттісай атапты. Сай-сайдың ішінде әлі күнге дейін ағаштар қалың өсіп тұр. Бұл әйгілі меценат Бауыржан Оспанов пен әлем чемпионы, боксшы Жәнібек Әлімханның туған ауылы. Бүгінде кәсіпқой бокста атой салып, қазақтың атын шығарып жүрген қандасымыз Қанат Ислам да аға-жеңгесін арғы беттен осы ауылға көшіріп әкелген. Жыланды, Лепсі ауылдарында, Бауыржан Оспановтың демеушілігімен араның балын өңдейтін цех, спорт кешені, мұғалімдерге баспана салып, шағын кәсіппен айналысатындарға бар мүмкіндік жасап берген. Ауыл тұрғындарына тегін қымыз таратылып, той, ас бергендерге де 100 литр қымыз тегін беріледі. Бұл үрдіс көрші Лепсі ауылында да ұйымдастырылған. Ауыл тұрғындары бие баудың басына барып, қалағанынша қымыз, саумал ішеді. Австралиядан әкелінген 10 000 басқа арналған мал бордақылау алаңына жарық тартылып, су кіргізілген. Оның 3000-ы Шынжылыда, 1700-і Жүнжүрек ауылында, қалған 5000-ы Шіліктіде. Ауылдың аты тарихқа өте бай, Шынжылы аталуының өзіндік себебі бар, Жыландыға тиіп тұрғанымен, қыстың күні бөлімшеде сегіз градусқа дейін айырма болады. Арасы 9 шақырым, мәселен, Жыландыда қысты күні 28 градус суық болса, Шынжылыда 20 градус. Жұмыс атқару жүйесінің барлығы автоматтандырылған. Мал жайылымнан жайылымға ауыстырылып тұрады. Жыландыда 51 шаруа қожалығы бар.
Ауылда тойхана, Мәдениет үйінде кинотеатр, 50 төсектік интернат, наубайхана, тігін цехы, шаштараз, бетон шығаратын шағын қондырғы болса, 80 орындық балабақша жақында пайдалануға берілмек. Тігін цехында Айгүл апай мен Құралай атты ару құрақ көрпе, жастықтың тысы, тағы басқа тұрмысқа қажетті заттарды тапсырыспен қабылдайды. Қолдарынан шыққан ұлттық киімдер, терезе перде ауылдың сұранысын өтеп тұр. Ауыл халқының жағдайына байланысты, бір құрақ көрпенің бағасы бес мың теңге. Тігін машиналарын Бауыржан Оспанов алып беріпті. Құры отырған күніміз жоқ, ауыл тұрғындары екі үш көрпеден алып келіп жаңалатып алады дейді. Тіпті, ұзатылатын қыздың жасауына дейін осы тігіншілердің қолынан шығады екен. Шаштараздық кәсібімен ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп жүрген Айдын Нұртаевтың ісі жүріп тұр. Бала кезінен шаш алу өнерін меңгерген Айдын балалардың шашын 300 үлкендердің шашын 500 теңгеге алады. Кісі аяғы босамайды, сабақ басталғанда менің де жұмысым қызады деген шаштараз, Жыландыдан бөлек, Екпінді ауылында осы кәсібін жалғастырып отыр.
Егістік танаптарында күнбағыс, арпа-бидай көпжылдық шөп жайқалып өскен. Ауылды нан өнімімен қамтып отырған наубайхананың да құрал-жабдығын Бауыржан алып беріпті. Нан пешінде күніне 80-90 бөлке пісіріледі. Ауыл балаларының келешегін ойлаған меценаттың туған өлкесіне жасап отырған жақсылығын тілмен жеткізіп айту мүмкін емес. Мұғалімдердің мемлекеттен алатын жалақысының үстіне толыққанды жалақы қосқан. Жұмыссыз жүрген ауыл жастарына кәсіппен айналысыңдар деп, ағаштан тақтай тіліп шығаратын цехтың құрал-жабдығын да алып берген. Пиларама басында ауыл тұрғыны Айдосты жолықтырдық, құрылғыны енді іске қосқалы жатқан азамат. «Екі қолға бір жұмыс табылды, айналамыз түгел орман, енді ағаш сатып алып іске кірісеміз», – деп құлшынып тұр. Бұл азаматтар бұрын қалада болған, енді ауылға оралып, кәсіптерін ағаш өңдеуден бастамақ. Төрт жігіт біріккен жұмыс тиянақты жүзеге асса, 10 адамға дейін жұмыспен қамтылмақ. Барлық елді мекендерде құрылыс саласы қарқын алған, сондықтан, құрылысқа қажетті ағаш өнімдері сұранысқа ие екені даусыз. Ауылда Қанат Исламның әпке-жездесі көкөніс өндіретін жылыжай салуда. Балалар ойнайтын саябақ ашылып, онда спорттық құралдар орнатылған. Саябақта Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай, аман-есен оралғаны, із-түзсіз жоғалғаны, шейіт болғаны бар, 850 адамның аты-жөні жазылған мрамордан ескерткіш тас қойылған.
Ауыл әкімі Әнуарбек Жүнісбеков үй салам деушілерге жер телімінен мәселе жоқ дейді. Ауылға монша да салынған. Мұны да Бауыржан Оспанов салып, құрылысымен айналысқан азаматтарға сыйға берген. Қазір күздік бидай шабылып жатыр, арпа Текелі қаласындағы сыра зауытына өткізіледі, тұқым келісімшарт бойынша солардан алынған. Жыландыдан қазір жалға алуға үй таппайсыз. Шынжылыға барар жолдың үстіндегі Майқан ауылында 20 шақты отбасы тұрып жатыр. Жыландыда қазір 250 отбасы бар, бұрын 750 отбасы болған. Ал, Шынжылыдағы мектеп 9 жылдық, 70 отбасы тұрады.
Ауылдың бөлімшелеріне дейін ауызсу тартылған. Шынжылыдан бөлек Әшім ауылында да тұрғындар тегін қымыз ішеді. Бұл ауылдың аты кеңестік кезеңде Төңкеріс аталыпты. Октябрь революциясы кезінде Қытайға үдере көшкен қазақтардың көшін тоқтату мақсатында қызылдар бір түннің ішінде төңкеріс жасап, ауыл-ауыл болып отырған қазақтарды Әшім ауылына зорлап қоныстандыр­ған. Майқан ауылында 2 гектар алма бағы бар, ол халықтың үлесінде. Күні бүгінге дейін ауыл тұрғындарына ортақ, жемісін теріп алып, сатып жатыр, ол жағынан ешкімге шектеу қойылмаған. Мақала басында айтылғандай, Шынжылының тау бөктерінде 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңы қоршалған. Осы қоршаудың ішінде мал еркін жайылып, жемделіп, суарылып тұрады.
Былтыр қыстың күні 1 700 бас аналық осы қоршауда төлдеген. Аналықтары 73 пайыз желіндегенде мал өсірушілер бөріктерін аспанға атып қуаныпты. Олардың күткені 50 пайыз болған екен. «Мал болған соң шығынсыз болмайды, олардың жерсінуі бар дегендей, себебі, бұл малдар Австралиядан әкелінген», – дейді шаруа қожалығының басшысы Мұқтар Болатұлы. «Тауда екі мың жарым гектар қоршалып, қазір мал сонда жайылуда, төрт қатар қоршаудың ішінде ауыстырылып бағылады. Бұл шетелдік тәсіл. Осы қоршаудың ішінен қосымша шөп те шауып алынады, былтыр екі жарым мың тонна шөп шауып алдық. Биыл да сол межені көздеп отырмыз. Кешегі кеңестік кезеңде осы жайылым екі табын сауын сиырға жетпейді деп шулайтын, қазір 3000 бас мал жатыр десең сенбейді», – дейді.
2013 жылдан бастап, малдың алғашқы партиясы әкелінген. Шынжылыда 50 гектар жер қоршалған. Мал былтыр жайлаудан қараша айында қар түскенде бірақ түсті», – деген қожалық басшысы Мұқтар мұнда он екі адамнан бөлек, күзетші, аспазшы, жалдамалы жұмысшылардың барын, малшылар жалақысына 120 мың теңге алатынын айтты. Мал азығына 2 жарым тонна сенаж дайындалған. Бір қысқа былтыр 17 мың руллон шөп 2000 тонна сенаж кеткен. Жұмыс таңғы сағат 7:00-де басталып, 9:30-да шөбін, 10-11-ге дейін сенажы мен жемшөбі беріліп, айналдырған 3-4 сағаттың ішінде бітеді, бәрі автоматты түрде. Кешегі кеңестік жүйемен алсақ, осыншама малды бағу үшін 275 малшы болуы керек екен. Ал, шетелде ең орта деген шаруаларда 20 мың басқа дейін ірі қара малы осындай орталықтарда арнайы қоршауда бағылатынын айтады басшы.
Лепсіде балдың 11 түрі шығарылады

Лепсі Жыландыдан 25 шақырым «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінің бір бөлігі осы ауылда. Ну тоғай, орманды, таулы аймақта ара өсірушілер шоғырланған. Ауыл деп аталғаны болмаса, зәулім спорт сарайы мен заманауи үлгіде салынған баспаналар, асхана, басқа да кешенді нысандар кішігірім қаланы көз алдыңызға әкеледі. Ауылда 167-ден астам тұрғын бар. Тау бөктерлерінен дәрі-дәрмектер жасауға арналған шөптер жиналады. Бауыржан Оспанов 116 бас қодас, 11 бас зубр әкеліп, ол ұлттық паркке беріліп, тауға жіберілген. Балды тораптау цехында арнайы лабораториядан өткен бал өнімдері арнайы ағаш, қағаз, әйнек, қораптарға салынып, экспортқа Араб, Қытай мемлекеттерімен қатар, Қазақстандағы үлкен сауда нүктелеріне жөнелтілуде. Мұнда балдың он бір түрі шығарылады. Ауданда үш жүзден астам ара балын өсіруші, өнімдерін сатуда әуре болмайды. Осы саланы белгілі меценат «Жетісу» корпорация­сының президенті Бауыржан Оспанов қолға алып, омарташылармен меморандумға қол қойып, балдың 1 келісін 1000 теңгеден сатып алады. Балға деген сұраныс өте жоғары. Бал құятын арнайы ыдыстар Санкт-Петербург қаласынан алынуда.

Есім төре туралы аңыз
Есім төре өте дәулетті кісі болған деседі, халықтың басына зобалаң жылдар туғанда аш құрсақтарға жылына 700 басқа дейін жылқы таратыпты. Ол кісі Октябрь революциясына дейін де, одан кейін де өмір сүрген. Лепсіде Пугасов деген қыш шығаратын кулак болған. Сол Есім төрені ауылына қонаққа шақырып, самауырынды ақшамен қайнатыпты. Орыс кулагының дәулетін көрген Есім төре де, Пугасов­ты ауылына шақырып, тай сойып, тайқазанды ақшамен қайнатқанын көрген Пугасов төрені мойындаған екен деген аңыздар айтылады. Өмірде болған дәулетті кісінің есімін тарихта мәңгіге қалдыру үшін Бауыржан Оспанов Алматыдан архитектор алдырып, Есім төренің кесенесін жаңалатуды қолға алыпты. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болатын іс. Сол Есім төренің жомарттығын бүгінде Бауыржан жалғастырып жатыр. Шынжылыдағы Майқан ауылы Есім төренің екінші әйелінің есімімен аталады. Жыландыда Сарданқол деген биік тау бар, Биттісай осы таудың етегінде, Жыланды өзені баяу ағып жатыр. Ауылдағы 130 орынды мешітті де Бауыржан салып беріп, имамның жалақысын өзі төлейді. Бауыржанның ұраны: «Бір адамда ғана болмауы керек, ол бәрімізде болуы керек, сонда ғана бірі-бірімізді сүйрейміз!». Бұл ұран өзге де байларға жұғысты болса ғой, шіркін!... Айтпақшы, Пугасов шығарған қыштың құпиясын әлі ешкім зерттеп таба алмаған. Қуғын-сүргін көріп кеткен бай-кулак, қыш өндіру құпиясын өзімен бірге ала кетіпті. Россияның Петербург қаласында, Алматыда Пугасов есімімен аталатын көпір бар дейді ауыл әкімі   Фаузия Рахметова.


Айтақын БҰЛҒАҚОВ,
«Заң газеті»
Алматы облысы 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста