ҰОС ардагерлеріне қандай қамқорлық жасалып отыр?

ҰОС ардагерлеріне қандай қамқорлық жасалып отыр?

Сұм соғыстың аяқталғанына, міне, 67 жыл өтті. Сонау сұрапыл қантөгіс жылдары майданда миллиондаған адам көз жұмды. Бүгінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміз қартайып, олар жыл өткен сайын азая түсуде. Жалпы, қазіргі кезде көзі тірі ардагер қарияларымызға мемлекет тарапынан нақты қандай жағдайлар жасалып отыр? Олардың медициналық көмек алуына, әлеуметтік қолдауға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлініп отыр ма? Осы туралы мамандармен аз-кем тілдескен едік.
Қалдыбай МАДИБРАИМОВ, Алматы қаласы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған емхананың бас дәрігері:
– Негізі, бұл емханада Ұлы Отан соғы­сына қатысқан ардагерлер және оларға теңестірілген азаматтар емделеді. Мұнда соғыс ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Қала бойынша 26 емханамен тығыз қарым-қатынаста жұ­мыс істейміз. Олар өздерінде тіркел­ген Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен олар­ға теңестірілген тұлғалар жайлы, ол­ар­ды емдеу процестері туралы мәлі­меттерді бізге беріп отырады. Біз ардагерлерді толық тексеруден өткізіп, ай сайын 62 науқасты квота арқылы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мүгедектеріне арналған госпитальға жіберіп отырамыз. Онда олар тегін әрі толық емін алып шығады. Сондай-ақ оларды жылына екі рет тереңдетілген медициналық тексеруден өткіземіз. Жүре алмайтын ардагерлерді үйіне барып қараймыз. Дәрі-дәрмектері толық жеткілікті. Оның бәрін тегін береміз.

Қалдыбай Мақатайұлының айтуынша, жалпы соғыс ардагерлеріне медици­налық көмек уақытында көрсетіліп отыр. Қарт ардагерлерге ерекше күтім жасал­ған. Айт­пақ­шы, біз осы мақалаға қатыс­ты аталмыш емханаға барған кезде бас дәрігер Қ.Ма­ди­браимовқа Елбасымыз Н.Ә.На­зар­баев­тың алғысхат жолдаға­ны­ның үсті­нен түстік. Онда Елбасы: «ҚР Парламенті Мә­жілісі мен мәс­ли­хаттары сайлауы ке­зінде «Нұр Отан» ХДП сайлау нау­қанына бел­сене қатысқа­ныңыз үшін сізге алғы­сы­мызды білдіреміз. Сіздің жоғары азамат­тық белсенділігіңізді өзіміз таң­даған эконо­ми­калық-саяси және әлеу­меттік реформаларды жүзеге асыру жө­ніндегі стра­тегиялық бағытымызды қол­дау деп баға­лаймын», – деп көрсетіп, ал­ғысхат жол­даған екен.
Енді атқарушы және өкілетті органдар тарапынан ардагерлерге жасалатын қам­қорлық қандай деңгейде екендігін білу мақсатында ОҚО жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ба­қытжан Бектұрсыновпен телефон арқылы тілдескен едік.
Бақытжан БЕКТҰРСЫНОВ, ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары:
– Бізде ҰОС ардагерлері мен мүге­дек­теріне ерекше көңіл бөлінген. Ол­ар­ға қамқорлық үнемі жасалып келеді. Мүгедек соғыс ардагерлерінің бар­лығы мүгедек арбасымен қамтамасыз етілген. Көзі көрмейтін, құлағы естімейтін қарт­тарға сурдотехникалық, тифло­тех­никалық құралдар берілген. ҰОС қатысушыларға, барлық категориялы мүгедектерге санитарлы-курорттық ор­ын­дарға тегін жолдама беріледі. Сон­дай-ақ әр аудандағы жергілікті әкімдік өзінің бюджет шамасына қарай қарт­тарға түрлі қамқорлық көрсетеді. Мәселен, бір аудан жыл сайын әрбір ардагер қартқа 40 мың теңгеден бір реттік жәрдемақы берсе, келесі бір аудан 20 мың теңгеден үлестіреді. Бірақ бұл сома 10 мың теңгеден кем болмауға тиіс. Өткенде ғана құлағы нашар еститін, тілі бұратылып, анық сөйлей алмайтын төрт қартқа құны 1 млн 900 мың теңге тұратын аппараттар сатып алып бердік. 87 млн теңгеге протездік-ортопед­тік құралдар, алып жатырмыз. Оның барлығы тегін бері­леді. Облыс әкімдігі қолдау көрсе­туде.

Пазылхан ӘБІШЕВ, ҰОС ардагері:
– Бізге мемлекет, жергілікті әкімдік тарапынан жыл сайын қаржылай көмек беріліп тұрады. Студенттер, мектеп оқу­шы­лары үйіміздің маңайын тазалап, кө­галдандыру жұмыстарын жүргізеді. Дәрігерлер кешенді медициналық тексеруден өткізіп, тиісті ем-домдарын жа­сайды. Денсаулық жағдайымызға байланысты емдеу-сауықтыру орындарына жолдамалар беріледі. Жеңіс тойы – мен үшін қасиетті мереке. Бұл – соғыста же­ңіс­ке жеткенімізді атап өтетін күн ға­на емес, сонау майдан даласында қаза тап­қандарға тағзым етіп, еске алатын ерекше күн. Сондықтан бүгінгі ұрпақтың мына ықылас-қамқорлығына ризамыз. Біздің бар тілегіміз: ұрпағымыз соғыс дегенді білмей, бейбіт өмірде өсіп-өніп, өркендесе екен дейміз.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті тарих ешқашан ұмытпайды. Сұрапыл соғыс азабын тікелей көргендерді бүгінгі ұрпақтың аялай қамқорлыққа алуы – парыз. Майдангер ата-апаларымыз қандай құрметке де лайық. Оларға деген қызметтің сапасы ешқашан бәсеңдемесе екен...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста