Тұлпарын құрметтеуде қазаққа тең халық бар ма?

  • 40
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазақ даласында аты аңыз­ға айналған, өз иесімен бірге тарихта өшпес із қал­дыр­ған тұлпарлар бар. Қо­б­ыландының Тайбурылы, Ал­памыстың Байшұбары, Қам­бардың Қарақасқасы сын­ды сәйгүліктердің аты батырлар жырлары арқылы бүгінгі күнге жетті. Одан кейінгі тарихта да жауға шапқан баһадүрлердің сенімді серіктеріне айналған сәйгүліктер бар. Қаба­н­бай­дың Қубасы, Бөгенбайдың Қы­зыл аты және тағы басқа тұл­парлар талай шайқастан ие­сін аман алып шықты. Бері қа­рай көз жүгіртсек алдымен Ақан­ның «Құлагері» еске тү­седі. Қазақтай жылқы ма­лын әспеттеп, адам сияқты құр­мет көрсететін халық әлем­де бар ма екен?
Қазақ халқының жылқыны ерекше қас­терлеуінің өзіндік себебі бар. Ғалымдар жа­байы жылқыны алғаш ауыздықтап мін­ген біздің ата-бабаларымыз екенін анық­тады. Бұған дейін Еуропада қолға үйретілді деп келген, тек Қызылжардағы Ботай та­ри­хи қонысында жүргізілген қазба жұ­мыс­тары жылқының қазақ даласында мі­ніл­генін дәлелдеді. Біздің заманымызға де­йінгі 4-3 мыңжылдықтарға тиесілі ат­тың бас сүйектерін зерттеу кезінде ауыз­дық салынғаны анықталған. Демек, қазақ хал­қының атты ердің қанатына балап құр­мет­теуінің бастауы осында жатыр деген сөз.
Көшпенділер айлап-жылдап ат үстінен түспеген, тіпті әйел-баласына дейін ат мін­гені белгілі. Арғы аталарымыз сақтардың со­ғысу өнерін шебер меңгергені, тұл­пар­ларымен жүйткітіп шабуы Еуропа, Кіші Азия, Жерорта теңізінің бойындағы, Мы­сыр­дағы халықтың зәресін ұшырған. Осы кез­де бұл елдерде басы адам, денесі жылқы «кентаврлар» туралы аңыз тарады.
Қазақта өзге жылқыдан ерекше ат­тар­ды тұл­пар, арғымақ, сәйгүлік, қазанат деп әс­пет­теген. Және оларды өте жоғары ба­ға­лаған. Бір жүйрік ат өз иесінің ғана емес, бүкіл әулетінің, руының, елінің абыройын ас­қақтататыны белгілі. Қазақтың эпостық жыр­ларына, аңыз әңгімелері мен ер­тегілеріне көз жүгіртсек, қай-қайсысында да атсыз батырды кездестірмейсіз. Солар­дың басында Қобыланды батырдың Тай­бу­рылы тұр. Тайбурыл шапқанда:
Көл жағалай отырған
Көкқұтан мен қарабай,
Көтеріліп ұшқанша,
Белінен кесе басады...
– деп жыр­ла­нады. Артында құлан-бұлан қалып қойған, бір төбенің тозаңы бір төбеге қосылып қал­­ған, көкқұтан, қарабайлар езіліп қал­ған, со­ларды жеп қара қарға-құзғындар қа­рық боп қалған – міне, жырдағы осы қа­сиет­­тері-ақ Тайбурылдың қандай екенін аң­ғартады.
Алпамыс батырдың Байшұбары жайлы да көп айтуға болады. Батыр туралы жыр­да:
Таудан асқан тасқындай,
Төгіліп Шұбар жөнеді.
Адыр-адыр бел еді,
Адам қорқар жер еді,
Неше қиын жерлерден
Тегістей шауып келеді.
Мейлі, дала, мейлі, адыр,
Теп-тегіс болды жер енді...
– деп оның шабысын суреттейді.
Ал Қамбар батырдың Қасқа аты былай суреттеледі:
Қамыстай екі құлағың.
Төрт аяғың қазықтай,
Төңкерген кесе – тұяғың.
Сұлулығың сүмбідей...

Батырлар жырларында ер жігіттің астындағы аты көлік қана емес, ажырамас серігі болып келеді. Тіпті кей жерде иеле­ріне адамша тіл қатып кетеді. Бұл қазақ халқының жылқы малын адам деңгейіне де­йін көтеріп, құрметтегенін көрсетеді. Жо­ғарыда айтылғандардан бөлек, Кенде­бай­дың Керқұласы, Ер Тарғынның Тарланы сынды тұлпарлар болғанын білеміз.
Ал одан кейінгі тарихта Тілеулі ба­тыр­дың Кез құлағы, Қабанбайдың Қу­ба­сы, Бө­генбайдың Қызыл аты, Шақшақ Жә­ні­бек­тің Қаракөгі, Бармақ батырдың Сан­дал­көгі, Исатайдың Ақтабаны, Амангелді ба­тырдың Шалқасқасы, Кейкі мергеннің Ке­раты, Қарабектің Қарасы, Қамыстың Шұ­­бары, Ерқосайдың Торысы, Сегіз се­рінің Бозжорғасы, Ақан серінің Құлагері сынды қазанаттар болғанын білеміз. Осы­лар­дың ішінде Құлагердің шоқтығы биік тұр. Қазақ аттың ең басты қасиеті – жүй­рік­тігі, жорыққа төзімділігі, иесіне сенімділігі деп санаған.
Тұлпардың аунағаны туған жерің,
Биеден туа бермес сендей құлын.
Жүз қой мен он төрт құр ат, төрт тайтұяқ,
Бір жолда әперіп ең ердің құнын...
– деп келетін жолдар Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында кездеседі. Талай бәйгенің алдын бермеген Құлагерді бақта­ластары балтамен ұрып өлтіреді. Құлагер өлгенмен оның аты әлі күнге дейін өлмей келе жатыр. Қазақ халқы көшпенділік өмір­ді әлдеқашан ұмыта бастады, ал ат көлік болудан қалып барады. Бірақ қазақ халқының аузымен құс тістеген тұлпар­лар­ға деген құрметі ешқашан азая қоймас.
Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын:
– Жылқы мінсе көлік, ішсе сусын, сойса тағам. Ол қазақ қоғамында ерекше құр­метке ие түлік түрі. Махамбет «Ерулі атқа ер салмай» деп жырлайды, демек, сол за­ман­дағы батырларда бір емес жетегінде ерулі бірнеше ат болған. Қазақ ақын-жазу­шы­ларының көбінің шығармаларында кез­де­седі. Халыққа кеңінен таныс «Кер­бес­кер», «Қара жорға», «Бестай», «Боз­­жор­ға», «Тепеңкөк», «Маңмаңгер», «Тел­қоңыр» тә­різді әндер мен күйлерге осы ­қазақтың тұл­парлары арқау болған. Тіпті балаға ат қояр­да да, мысалы Құнан­бай, Құлыншақ деп есім берген. Сондықтан келе жатқан жылқы жылы қазақ үшін жақсы жыл болуы тиіс деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
  • 324
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 462
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста