ІІ топтағы мүгедектің бала асырап алуға құқы бар ма?

ІІ топтағы мүгедектің бала асырап алуға құқы бар ма?

Мен екінші топтағы мүгедекпін. Өзім тұрмыс құрмағанмын. Ертеңгі күні жалғыз қалып кетпес үшін жетімдер үйінен бала асырап алуды қалаймын. Сіздерден сұрайын дегенім, екінші топтағы мүгедек адамның бала асырап алуына бола ма, сондай-ақ қандай сырқаттарға бала асырап алуына шектеу қойылған?
Айгүл, Алматы қаласы

Әрбір ықылас білдіруші бала асырап алушы бола алмайды. Бекітілген аурулар тізбесінде тұрған азаматтардың бала асырап алуына шектеу қойылған. Бұл мынадай аурулар:
1. Жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромын (СПИД) және иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандар (ВИЧ).
2. Психикалық аурулар.
3. Маскүнемдік, нашақорлық, уытты заттарға әуестік.
4. Туберкулез.
5. Жыныстық қатынаспен таралатын аурулар.
6. Алапес.
7. Дәнекер тіндердің ауыр сырқаттары.
8. Мүйізденуі бұзылған ауыр дерматоздар.
9. Созылмалы ауыр буллезді дерматоздар.
10. 1, 2 топтағы мүгедек адамдар (қамқоршылық және қорғаншылық органының шешімі бойынша).
Қазақстанда бала асырап ала алмайтындардың тағы бір тізімі:
1).Сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе әрекеті шектеулі деп танылған адамдар;
2).Сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекеті шектеулі деп танылған ерлі-зайыптылардың бірі;
3).Сотпен ата-ана құқығынан айрылған тұлғалар немесе ата-ана құқығы сотпен шектелген адамдар;
4).ҚР заңдарымен оған жүктелген міндеттерді тиісті емес орындау үшін қамқоршы немесе қорғаншы міндеттерінен шеттетілген адамдар;
5).Егер асырап алу олардың кінәсы бойынша сотпен жойылса, бұрын бала асырап алғандар;
6).Денсаулық жағдайы бойынша ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар;
7).Тұрғылықты жері жоқ адамдар;
8).Дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды ұстанатын адамдар;
9).Асырап алу сәтінде қасақана қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар (онлайн соттылықтың болмауы туралы анықтама алу);
10).Азаматтығы жоқ адамдар;
11).Анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айрылуына байланысты үш жылдан кем емес баланы нақты тәрбиелеу жағдайларын қоспағанда тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын ер адамдар;
12).Асырап алу сәтінде ҚР заңнамасымен белгіленген, асырап алынатын балаға ең төменгі күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар;
13).Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдар.
Сондай-ақ жастағы айырмашылықты да ұмытпаңыз. Асырап алушы мен асырап алынатын баланың жасындағы айырмашылық 16 жастан кіші емес және 45 жастан үлкен болмауы тиіс. Сотта негізді деп танылған себептер бойынша жастағы айырмашылық қысқартылуы мүмкін.
Баланы ерлі-зайыптылардың бірі асырап алғанда, егер баланы ерлі-зайыптылардың екеуі де асырап алмаса, екінші ерлі-зайыптының жазбаша келісімі талап етіледі. Бұл жерде егер ерлі-зайыптылар отбасылық қарым-қатынастарды нақты тоқтатса немесе 1 жылдан артық бөлек тұрса, онда рұқсат талап етілмейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста