Жұлдызды жазбай таныңыз

Жұлдызды жазбай таныңыз

Мына суреттегі жұлдызымыздың балуан екенін біліп те, көріп те отырған боларсыздыр. Боз кілемде ұстараның жүзіндей лыпыл қаққан жампоз балуа­нымыз жеңіл салмақта күрескен. Еркін күрестен Олимпиада ойында­рында жүлде алған жалғыз қазақ. 1997 жыл­ғы әлем чемпионатының қола жүлде­гері. 1994 жылғы Азия ойында­рының чемпионы. 1999 жылғы Азия чем­пио­ны. 1990 жылғы КСРО чемпио­ны. Ха­лық­аралық деңгейдегі дүбірлі дода­ларда еншілеген жүлделерінің саны  тым көп. Бұл орайда 11 дүркін Қазақ­стан чемпионы болғанын айтсақ та жа­рар. Бүгінде еркін күрестегі қазақ бал­уан­дарының бәрі осы бір тығыр­шықтай ағаларын пір тұтады. Сонымен бұл кім? 

А) Жақсылық Үшкемпіров
Ә) Асхат Шахаров
Б) Мәулен Мамыров
В) Аманжол Бұғыбаев

Өткен жолы қазақ спортына елеулі еңбек сіңірген, марқұм, ауыратлет Анатолий Храпатыйдың жас кезіндегі суретін бергенбіз. 1988 жылғы Сеул Олимпиадасының чемпионы, 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының күміс жүлдегері екенін жазғанбыз. Бес мәрте әлем рекордын жаңартқанын да ес­те­ріңізге салғанбыз. Бес дүркін – әлем, төрт дүркін – Еуропа, үш дүркін Азия чемпионы болған даңқты спорт­шымыз 2008 жылы тамыз айында, 46-ға тая­ған шағында жол апатынан қайтыс бол­ған. Зілтемір көтерген тола­ғай баты­ры­мызды жазбай танығандар аз болған жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста