"Жүйені түгел өзгерту керек": Отандық балуандар Токиодағы жаппай жеңілістен соң ащы шындықтың бетін ашты

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы қатарынан екінші Олимпиадада жүлдесіз қалды. Бақтияр Байсейітов шәкірттері арасынан Токио Олимпиадасына үш балуан аттанған еді. Өкінішке қарай, үш спортшы да бірінші айналымнан аса алмай, жарысты аяқтады. Осы орайда, еліміздегі грек-рим күресінің белді өкілдері аталған спорт түріне жүйелі өзгеріс керектігін айтып, жанайқайларын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Есен Елеукенге сұхбат берген тәжірибелі балуан, әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Алмат Кебіспаев командаға жастарды, жас бапкерлерді тарту керектігін айтты.

 

«Соңғы кезде көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінде, Грузияда грек-рим күресінің қарқыны жедел өсіп кетті. Бұл елдің балуандары әлемнің үздіктері қатарында. Бұған не себеп? Меніңше, аталған елдерде жастарға көп сенім артып жатыр. Бізге жас мамандар керек. Менімен қатар балуандар қазір бапкерлік тізгінді алып жүр. Жастарға мүмкіндік беру керек», - деді Алмат Кебіспаев.

 

Алматтың аталған сұхбатына байлансты командаласы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Хорлан Жақанша да қолдау білдірді.

 

«Алматтың әрбір сөзіне қосыла отырып, өз ойымды айтқым келеді. Уақыт бір орында тұрмайды, үлкен спортта, тіпті, уақыт алға озып кеткен. Басқа спорт түрлерін қайдам, еліміздегі грек-рим күресі үлкен өзгерісті талап етеді. Мұны жанкүйерлер сұрап отыр. Грек-рим күресінен Қазақстан командасының соңғы Олимпиадаларлан құралақан келетіні ешкімге де құпия емес. Бүгін де осы нәтижені қайталадық. Токиода бастамай жатып жеңілдік. Бірінші секундтарда-ақ есе жібердік. Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия секілді бауырлас елдер жастарды баяғыда-ақ іске қостып, нәтижелері адам сенгісіз. Біздің олардан қай жеріміз кем? Біздегі жүйен түп-тамырымен өзгерту керек. Өйткені, ескі жүйе ешқандай нәтиже беріп жатқан жоқ! Өзімізді жұбатып қашанға дейін жүреміз?

Күреске өзгеріс керектігі, өзгерісті бүгіннен бастау керектігі жайлы бәрі де біліп отыр. Барлық жұмыс жүйесін жақсырап сараптау керек. Кадрларды дайындау, қаржыландыру көлемі мен қағидалары, легионерлерге қойылатын шектеу, грек-рим күресінен балалар мен спорт мектебіндегі дайындық жүйесі, барлығы қайта каралу керек. Ол үшін бастан аяқ спортта жүрген жас МАМАНДАР керек. Қазір командаға не керектігін жастар жақсы түсінеді. Өйткені, жоғарыда айтқанымдай, әлем бір орында тұрға жоқ», - деп жазды Хорлан Жақанша.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста