Зілтеміршілерімізге мақтау өтіп кеткен бе?

Зілтеміршілерімізге мақтау өтіп кеткен бе?

Ауыр атлетикадан Астана қаласындағы сәулетті «Сарыарқа» спорт кешенінде өтіп жатқан Азия чемпионатының да көмбесі көріне бастады. Әзірше Қазақстан зілтеміршілерінің нәтижелері өзіміз күткендей емес...
Азия чемпионатына сары құрлықтың 18 мемлекетінің зілтемірмен арпалысқан қыз-жігіттері қатысуда. Олардың арасында Лондон Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де бар екенін бұған де­йін жазғанбыз. Солар бар, басқалар бар, Са­рыарқа төсінде Қазақстан ауыратлет­тері­не алтын тиер емес...
Құрлық біріншілігі қарсаңында баспа­сөз жиыны өтіп, оған Азия ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Әли Мура­ди, отандық федерация президенті Қайрат Тұрлыханов, Штаттағы ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясының ди­рек­торы Болат Қырықбаев, спорттың осы тү­рі­нен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни қатысты. Олар спорт түрінің бүгінгі тыныс-тірлігі мен соң­ғы жылдардағы Қазақстан зілтеміршілері­нің ерен жетістіктеріне қысқаша тоқталып өтті.
ҚР ауыр атлетика федерациясының пре­зиденті Қайрат Тұрлыханов бұған де­йін Алаш топырағында Азия чемпионаты екі мәрте өткенін атап өтті (2004 жылы Ал­матыда және 2009 жылы Талдықорғанда). Аталған екі Азия чемпионаты аса жоғары деңгейде ұйымдастырылып, Азия елде­рінің барлығы дерлік қазақтардың қонақ­жайлылығы мен іскерлігіне риза болған. Ең бастысы, қандай істі қолға алсақ та, оны дөңгелетіп әкете алатынымызға көз­дері жеткен көрінеді. Сол себепті 2013 жылғы Азия біріншілігі мен 2014 жылғы ли­цензиялық әлем чемпионатын өткізу Қазақ еліне сеніп тапсырылған. Қайрат Болатұлы өз кезегінде осындай маңызды жұмыстарды ойдағыдай атқарып шығуға Спорт және дене шынықтыру істері агент­тігі, Спорттық жекпе-жек және күш қолда­ны­латын спорт түрлері конфедера­циясы және бас демеушілерінің, яғни «ҚазМұ­найГаз» ұлттық компаниясы мен «Самұ­рық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының барынша қолдау көрсетіп отырғандығын баса айтып өтті.
Ал Азия ауыр атлетика федерациясы­ның бас хатшысы Әли Муради Қазақстан зілтеміршілерінің соңғы жылдардағы қол жеткізген орасан зор табыстарын жіпке ті­зіп, тамсанатындығын білдірді. 2008 жы­лы Бейжің Олимпиадасында ауыр атле­тикадан жалпы командалық есепте үш­інші орын алғанымызды, одан соң үш бірдей әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінгенімізді бір түйіндеп шықты. Содан Лондон Олимпиадасында Әнұранымыз­дың Тұманды Альбион көгінде төрт мәрте шырқалғанын сүйсіне айтып шықты. «Әри­не, Қазақстанда әлеуеті зор зілтемір­ші­лер бар екенін бұрыннан білетінбіз. Бұл спорт түрінен шежірелеріңіз де жеңіске толы. Десек те, дәл осындай тым биік бе­лес­ке көтеріледі деп ешкім күткен жоқ еді. Өздеріңізді күллі әлемге түбегейлі мо­йындаттыңыздар» деп Ираннан келген мәр­тебелі мейман ақтарылды.
Өкінішке қарай, өз жеріміздегі Азия чем­пионаты біз үшін көңілсіздеу басталды. Алғашқы күні сынға түскен спортшылары­мыз сенім үдесінен шыға алмай, сан соқ­тырды. Әйелдер арасындағы 48 келі сал­мақта сынға түскен Галина Мамонова бе­сінші орында қалып қойды. Оның көрсет­кіші – 167 (77+90). Бұл салмақта Лондон Ол­импиадасының қола жүлдегері, сол­түс­тіккореялық Чин Хва Рианг 190 (80+110) келі көрсеткішпен топ жарды.
53 келі салмақта Маргарита Елисеева­ның жүлдеге ілігетіндей мүмкіндігі болып еді. Жұлқа көтеруде екінші орыннан көріне білген. Алайда серпе көтеруде жолы бол­мады. Сөйтіп, 183 (85+98) келі нәтиже­мен Елисеева төртінші орынды қанағат тұтты. Бұл салмақта бас жүлдені 202 (90+112) келі көрсеткішпен Қытай қызы Цзиньян Го олжалады.
Ерлер арасындағы 56 келі салмақ дәре­жесінде Олимпиада ойындарының жеңімпазы Ом Юн Чолға тең келер ешкім болмады. Барлық қарсыластарын «шаңы­на» ілестірмегені былай тұрсын, тіптен ол серпе көтеруде әйгілі Халил Мутлудың әл­емдік рекордын жаңартуға талпынды. Бірақ Солтүстік Корея спортшысының бұл әрекеті нәтижесіз аяқталды. Әйтсе де 286 (126+160) келі нәтижемен үздік шықты. Біздің құрама үкілеп қосқан, баршамыз зор сенім артқан Арли Чонтей серпе жат­ты­ғуда 135 келіні үш мүмкіндігінде көтере алмай, салы суға кетті. Жұлқа жаттығуда да қатырғаны шамалы. 115 келіні еңсеріп, алтыншы орынға тұрақтаған болатын.
56 келі салмақ дәрежесінде бақ сына­ған Фархад Харки екінші орынмен шек­телді. Көрсеткіші – 303 (138+165) келі. Ол Олимпиада ойындарының чемпио­ны, солтүстіккореялық Ким Ун Гукпен тайта­ласа алмады. Ол жұлқа көтеруде бәсеке­лес­терінің бәрі өз мүмкіндіктерін түгесіп, сайысты аяқтағанда ғана ортаға шығып, 145 келіні екінші мүмкіндігінде еңсеріп, өзгелерден қара үзді. Серпе көтеруде де оның шоқтығы биік болды. Қоссайыстағы көрсеткіші – 315 (145+170) келі. Харки­мен екеуінің әлеуетін осы көрсеткіштері­мен-ақ салыстыра беріңіздер...
Жұма күні осылай аузымызды жалқы күміс жүлдемен «сүрттік». Екі алтын алсақ деген дәмеміздің күлі көкке ұшты. Сенбі күні тағы төрт медаль жиынтығы сарапқа салынды. Әйелдер арасындағы 56 келі салмақта бізден ешкім сынға түскен жоқ. Бұл салмақтағы шектен тыс тартысты бәсекеде бас жүлдені Тайпэйдің қайсар қызы жеңіп алып, Солтүстік Кореяның екі аруын сан соқтырып кетті.
Ерлер арасындағы 69 келі салмақта ирандық Жабер Бехроузидің бағы жанды – 323 (147+176). Біздің Әділбек Балқаев 292 (132+160) келі көрсеткішпен төртінші орынды қанағат тұтты.
77 келі салмақтағы сайыста да Парсы елінен келген Расул Тазиян үздік шықты. Қоссайыс қорытындысы бойынша 363 (163+200) келіні бағындырып, алтын­мен апталды. Өкінішке қарай, «бір жүлде алар-ау» деп сенім артқан жігітіміз төр­тін­ші орынмен шектелді. Біздің Кирилл Пав­ловтың нәтижесі – 346 (156+190) келі.
Сондай-ақ 63 келіде бақ сынаған Кари­на Горичеваның да жолы болмады. Жұлқа көтеруде 104 келіні еңсеріп, екінші орынға ие болғанымен, ол серпе көтеруде тағы да оңбай сүрінді. 122 келі зілтемірді үш мүмкіндігінде де көтере алмай, пұшай­ман болды. 20 жастағы талантты қызы­мыз­ осымен екінші рет еңсемізді түсіріп отыр. Жақында Перуде өткен жас­тар ара­сындағы әлем чемпиона­тында да осылай беті күйген. Жұлқа көте­руде өзі тап­сырыс берген 95 келіні үш мүм­кіндігінде де көтере алмай, әлем бірінші­лігінен тыс қалған. Енді, міне, Арли Чонтей секілді соң­ғы орынға табан тіреп отыр. Біз Кари­наның жеңісті күндері әлі алда деп сенеміз, тек жасымасын деп тілейміз. Жалпы, бұл салмақта тайпейлік Лин Цзу Чи озды. Көрсеткіші – 243 (110+133) келі.
Сонымен, сенбі күні ұртымыз мүлде майланбай, ұнжырғамыз түсті.
Жексенбі күні 69 келі салмақтағы Гүл­наз Наурызоваға сенім арттық. Был­тыр Азия чемпионатында қола медаль ен­ші­леген қандасымыз бұл жолы бесінші ор­ын­ды қанағат тұтты. Көрсеткіші – 218 (98+120) келі. Бұл салмақтағы бәсеке көрігін Сол­түстік Кореяның қос аруы қыздырды. Құр­лықтық сайыстардың жүл­дегері Рио Ун Ху мен Олимпиада чем­пио­ны Рим Ионг Сим арасындағы тартыс­ты бәсекеде алғашқы­сының бағы жанды. Жеңімпаздың көрсет­кі­ші – 263 (118+145) келі. Осылайша Лон­донда саф алтынға қол жеткізген қыз 255 (112+143) келімен өзінің жас отан­да­сына есе жіберіп алды.
Одан кейін ерлер арасындағы 85 келі салмақ дәрежесіндегі жігіттер сайысы бас­талып, еліміздің қос қыраны жүлдеге та­лас­қан. Өкінішке қарай, Ербол Мейір­ма­нов алғашқы жаттығу бары­сында жа­рақат алып, қатардан шығып қалды. Жұл­қа кө­те­руде 160 келіні еңсермек болып, зіл­те­мір үстіне құлап, жарақат­танып қалды.
Бірақ кеше Қазақстан құрамасының бап­керлері отандық басылымдарға бер­ген түсініктемелерінде «алаңдайтындай еш­теңе жоқ, сүйектері аман, шынтағы шық­қан екен, оны дәрігерлер орнына сал­ды, үш аптадан кейін гипсті алады, содан кейін жаттығуды қайта бастайды» деп көңілімізді басты.
Бұл салмақта Евгений Евстафьев 341 (156+185) келіні бағындырып, қола ме­даль иеленді. Бас жүлде – 358 (158+200) келіні бағындырған парсы жігіті Сохраб Мурадиге бұйырды.
Сөйтіп, Азия чемпионатының бастапқы үш күні Қазақстан зілтеміршілері үшін сәтті болмады. Үш күнде бір алтынға қолы­мыз жетпеді. Әзірше Солтүстік Корея мен Иран спортшыларының қарқындары адам қызығарлықтай. Қытай мен Тайпей де қалысар емес. Айтпақшы, Азия чемпио­наты қарсаңында біздің құрама сапында аздаған өзгерістер жүзеге асыпты. Бапкер­лер 69 келі салмақтағы Жазира Жаппар­құл­дың орнына Гүлназ Наурызованы, 75 келіде Анна Нұрмұхамбедованың қасына Анастасия Швабауэр қосылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста