Түрік кілемі – соңғы сын

Түрік кілемі – соңғы сын

Еркін күрес балуандары алдағы демалыс күндері Ресейдің Красноярск қаласында өтетін «Иван Ярыгин» мемориалында бақ сынайтын болса, грек-рим күресі шеберлері Түркияда «Вэхби Эмре» атындағы турнирде сынға түседі.
Стамбул боз кілемінде грек-рим кү­ре­сін­дегі еліміздің беткеұстар балуандарының бар­лығы (яғни лицензия алғаны бар, ал­ма­ғаны бар) белдеседі. Дәл осы Стам­бул кілемінен кейін кімнің Азия чем­пио­натында, ал кімнің лицензиялық тур­нир­де бақ сынайтындығы белгілі бола­ды.
Ұлттық құраманың бас бапкері Мұ­рат­бек Қасымханов 96 келіден басқа сал­мақ­тың бәрінде екі немесе үш балуаннан бел­дестіруді ұйғарыпты. Сонымен, 55 келіге дейінгі салмақта Асхат Құдайбергенов, Марат Кәрішалов және Артур Үмбетқалиев бақ сынайды. Алғашқысы ел чемпионы, был­тыр әлем чемпионатында белдесіп, айтарлықтай нәтиже көрсете алмаған. Ал Кәрішаловтың осыдан екі жыл бұрын әлем кубогы бәсекесінде тәуір белдесті де­ме­се­ңіз, біраз уақыт кілемнен шеттеп қалғаны бар. Ал соңғысы Үмбетқалиев жақында ғана Ресейде бақ сынған, бірақ алғашқы ай­налымнан өте алған жоқ. Негізі, осы сал­мақ дәрежесінде бізде Олимпиада жол­дамасы жоқ. Әрі Астанада өтетін ли­цен­­зиялық турнирде кімнің белде­се­тін­дігі де әзірше белгісіз. Бәлкім, осы түрік кіле­мін­де анықталар.
60 келіде әлем чемпионатының күміс жүл­дегері Алмат Кебіспаевқа Стамбул кілемі жақсы таныс. Сондықтан ол түрік же­рінде өз шеберлігін шыңдай түспек. Ал «үл­кен спорттан қол үзсем бе» деп ойланып жүрген Нұрбақыт Теңізбаев өз карьерасын қайтадан жалғастыратын секілді. Азия чем­пионатына барып қалуы ғажап емес. Осы салмақта Ербол Қоңыратовтың та бақ сынайтындығын айта кетейік.
Лицензиясы жоқ салмақтың бірі – 66 келі. Бұл салмақта Дархан Баяхметов, Эль­дар Қайратов және Айбек Еңсеханов бел­де­седі. 74 келіде Асхат Ділмұхамедовті, Дос­жан Қартықовты және Әсет Әділовті сы­нап көреміз. Үшеуі де былтыр Семейде өткен ел кубогында белдескен. Онда Асхат Ділмұхамедов біздің елде өзіне ешкімнің тең келмейтіндігін тағы да дәлелдеп бер­ген. Әрі Асхат Олимпиада лицензиясын қан­жығалаған. Ал 84 келіде Алхазур Оз­диев, Жанарбек Қабдолов, Даниал Гад­жиев сынды балуандарымыз күреседі. Ал­ғашқы екеуі біздің жанкүйерлерге жақсы таныс. Ал Гаджиевті Ресейден шақыртыпты. Бірақ былтырғы Семей боз кілемінде өзін көрсете алған жоқ. Үшеуінің ішіндегі мық­ты­сының лицензиялық турнирде белде­се­тіндігі даусыз.
Әсет Мәмбетов үлкен спорттан қол үз­ген­нен кейін Марғұлан Әсембековке үлкен жол ашылды. Енді сол мүмкіндікті мүлт жі­бер­меуі керек. Оның арманы – Олимпиада төрінде белдесу. Енді соған қол жеткізу үшін Астанадағы лицензиялық турнирде аянып қалмауы керек. Түр­кияда 96 келіде біздің елдің атынан жалғыз өзі күреседі.
Аса ауыр салмақта Нұрмахан Тінәлиев пен Есенкелді Жалғаспаев күресетін бол­ды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста