Тимур Құлыбаев Азия Олимпиада кеңесінің вице-президенті болып қайта сайланды

Тимур Құлыбаев Азия Олимпиада кеңесінің вице-президенті болып қайта сайланды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдар кезеңіне Азия Олимпиада кеңесінің (АОК) вице-президенті болып бірауыздан қайта сайланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Таиланд астанасы Бангкокта Азия Олимпиада кеңесінің 42-ші Бас ассамблеясы өз жұмысын аяқтады. Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі АОК Президенті мен атқару комитетінің мүшелерін және АОК-тың тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдар кезеңіне АОК-тың вице-президенті лауазымына қайта сайланды.

 

Айта кетсек, Тимур Құлыбаев 2015 жылдан бастап АОК-тың Орталық Азия өңіріне төрағалық етеді, ал 2019 жылы әріптестері оны осы лауазымға қайта сайлады. Сондай-ақ ол Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының вице-президенті және ХОК-тағы Олимпиада 365 (Olympism 365) комиссиясының мүшесі .

 

Кувейт ҰОК ұсынған шейх Талал Ахмад әл-Фахад әл-Джабер әл-Сабах (Sheikh Talal Ahmad Al Fahad Al Jaber Al Sabah) президент болды. Ол 4 артық дауыспен (24\20) Хусейн әл Мусалламның (Хусейн аль Мусаллам) алдын орап өтті .

 

АОК Бас ассамблеясында өткен жылдың қорытындысы шығарылды, Ханчжоу-2022 Жазғы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің (Hangzhou 2022 Asian Games) дайындық барысы туралы қорытынды есеп, сондай-ақ жаңартылған Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы (Olympic Solidarity) ұсынылды.

 

Азия Олимпиада кеңесі - Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мойындаған Ұлттық Олимпиада комитеттерінің бес континенттік бірлестіктерінің бірі, қазіргі уақытта 45 мемлекетті біріктіретін Азия елдеріндегі Олимпиада қозғалысының басқарушы органы. Ұйым АОК-ға мүше елдердегі Олимпиадалық қозғалыстарды үйлестіріп, басқарып отырады, үнемі жазғы және қысқы Азия ойындарын, жағажай спорт ойындарын және жабық ғимараттағы ойындарды өткізеді. АОК Азия және өңірлік ойындарды, сондай-ақ халықаралық жарыстарды өткізуге жәрдемдесумен қатар, оның мүшелері мен тиісті тараптарда туындауы мүмкін проблемалар мен дауларды шешуде уәкілетті орган болып табылады. АОК-тың штаб-пәтері Кувейтте орналасқан.

 

Айта кетсек, алдында Бангкокта Азия Олимпиада кеңесінің Бас ассамблеясы өтетіні хабарланған болатын.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста