Спорт журналистикасының тарландары

Ресми түрде елімізде Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні 28 маусымға белгіленгенімен, спорт журналистерінің де өз мерекесі бар. Әлем бойынша 2 шілде күні аталып өтіледі. Яғни спорт тілшілері қауымының төл мерекесіне де төрт-ақ күн қалды. Осы атаулы екі датаны ұштастырып, қазақ спорты тақырыбын қаузап жүрген қаламдас ағаларымыз жайлы аз-кем мақала жазуды жөн көрген едік.
1995 жылдан бастап аталып келе жатқан Халықаралық спорт журналистері күнінің тарихы сонау 1924 жылдан бастап шыққан екен. Сол жылдың 2 шілдесінде Франция астанасы Парижде Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы құрылған болатын. Бейресми деректерге сүйенсек, бүгінде әлемде 30 мыңнан астам спорт тілшілері бар көрінеді.
Ал Қазақстанда спорт журналистикасы­ның көшбасшысы дегенде бірінші ретте Сей­дахмет Бердіқұловты атайтынымыз шындық. Бұл бекер де емес. Спорт журна­лисі деген ұғымды ең алғаш енгізген бас­шы ретінде осы Сейдахмет ағамызды та­ни­мыз. Әйтпесе оған дейін спорт тақыры­бын басқа саладағы журналистер де жаза берген деседі. Сондай-ақ Қазақ спорт жур­налистері қауымдастығының ал­ғашқы ресми басшысы да Бердіқұлов бол­ған. Одан бөлек, 1966 жылы Лондонға ба­рып, 1970 жылы Мехикода болып, фут­бол­дан, жалпы спорттан әлем чемпионаты жайлы қалам тартқан алғашқы қазақ. 1970-1986 жылдар аралығында «Ленин­шіл жастың» (қазіргі – «Жас Алаш» газеті) бас редакторы болып тұрған шағында тұ­рақты түрде газеттің тұтас бір бетін спортқа бөліп тұрған. Міне, бүгінде көптеген газет­терімізде арнайы спорт бетінің болуы Бер­діқұловтан бастау алған болса керек. Ал оның осы тақырыпта жазған дүниелері тағы бір мақалаға арқау болар мүлдем бө­лек әңгіме.
Қазақ спорт журналистикасының ата­сы 1994 жылы дүниеден өтті. Сол жылдан бастап еліміздің Спорт және дене тәрбиесі агенттігі спорт тақырыбында қалам тербеп жүрген үздік журналистерді Бердіқұлов жүлдесімен марапаттай бастады. Жыл сайын жүлде үш спорт жур­налисіне бе­ріледі. Шарт бойынша, әу баста біреуі – қа­зақтіл­ді, екіншісі – орыстілді жур­­налис­ке, ал үшіншісі не фо­тожурналиске, не эл­ек­тронды ба­сылым қызметкеріне табыс етіліп келген. Кейіннен мем­лекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында екі сыйлық – қазақ тілінде, бір сый­лық орыс тілінде жария­ланған ма­­те­риалдың авторына табыс­та­латын болып бекітілді. Содан бері 19 жыл өтті деп есептейтін болсақ, қазірге дейін 40-тан астам журналист Бердіқұлов сыйлығының лауреаты болғанын есептеу­ге болады. Сонымен қатар, бүгінде Берді­құлов­тың бешпентінен шыққан төл шәкірт­тері Несіп Жүнісбай, Қыдырбек Рысбек, Дү­рәлі Дүйсебай сынды қаламдарын қару ретінде ұстаған ағаларымыздың туынды­ла­рын да сүйсініспен оқып келеміз.
Жалпы, қазақ спорт журналистикасы ту­ралы жазғанда республикалық «Спорт» газетін де атап өтпеске болмайды. Қазақ тіліндегі тұңғыш спорт басылымының бі­рін­ші нөмірі 1959 жылдың 1 қаңтарында жарық көргенімен, рас қаржылық себеп­терге байланысты шықпай қалған кездері де болды. Алайда 2011 жылы білікті қа­лам­гер Несіп Жүнісбай өз қолына қайта алып, сол жылдың жазында газет оқыр­ман­дарымен қайта қауышты.
Негізі, алғашқы кезде басылымның бас редакторы болған жоқ. Біраз уақыт бойы газет жауапты хатшылардың басқаруымен шы­ғып келді. Қазақ бөліміне ол кезде Жан­әбіл Оспанов жауап беретін. Қырық жылдай облыстық газетті басқарған білікті журналист. «Спортты» бірден тәй-тәй бас­ты­рып алып кетті. Алғашқы нөмірлерін жа­рыққа шығаруға атсалысқандардың қата­рын­да мен де бармын. Амангелді Мұсабаев деген журналист болды. Ғарыш­кер Талғат Мұсабаевтың әкесі. Кейін осы газеттен зейнетке шығарып салдық.
«Спорт» газетінің отымен кіріп, күлімен шыққан ардагер спорт журналисі Сайын Тұрсынов ағамыз газеттің алғашқы нөмір­лерін осылай еске алады. Ал ең алғашқы бас редакторы болып Бейсекеш Сапарға­лиев тағайындалды. Жауапты хатшы қыз­метін белгілі журналист марқұм Тілеген Хайдаров атқарды.
Кейін Сапарғалиев басқа қызметке ауыс­ты да, газетке редактор болып Смат­бек Төребеков деген азамат келді. Бокстан спорт шебері. Келе сала «Спорттың» жұ­мы­сын дөңгелетіп алып кетті. Мен жауапты хатшылыққа ауыстым. Газет оқырманға жақ­сы танылып, таралымы 312 мыңға дейін жетті. Төребеков газетте көп жыл еңбек етті. Бірақ, өкінішке қарай, апатқа ұшырап қайтыс болды. Сөйтіп, редактор­лықтың тізгінін Амангелді Жақсыбеков қо­лына ұстады, – деп тебіренді Сайын Сү­лейменұлы.
Дегенмен Жақсыбеков газетті көп бас­қарған жоқ. 1991 жылы «Спорттың» ба­сы­на Несіп Жүнісбайұлы келді. Бүгінгі бас редакторы да осы кісі. Сондай-ақ ХХІ ға­сырдың алғашқы он жылдығының жарты­сында «Спорт» газетінде Ғалым Сүлеймен де редакторлық қызмет атқарды.
Жалпы, қазақ спорт журналистика­сы­ның тарландары қатарына жоғарыда атап өткен қаламгерлерден бөлек, Сұлтанғали Қаратаев, Рабат Жәнібеков, Жүсіп Хисы­мов Тұрсын Елеусіз, Ғалибек Тәшімбеков, Бейсен Құранбек, Амангелді Сейітхан, Жанарбек Әшімжан, Есей Жеңісұлы, Диас Ахметшәріп, Арсен Саттар, Телжан Күде­ров, Жандос Айтбай сынды майталман­дар­ды атап өтуге болады. Рас, аты аталмай қалған мықтыларымыз қаншама. Бірақ қалай десек те, қазақ журналистикасының дамуына әрқайсысының тигізген үлесі зор.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста