Batyrball турнирінде бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен төбелесіп қалған балуан Зелимхан Мұсиханов колледжден шығарылған. Бұл туралы танымал қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Оның сөзінше, балуанның спорт колледжін бітіруіне 2 ай қалған. Сонымен қатар, әлі расталмаған ақпарат бойынша, Мұсихановтың туыстары да жұмыстан қуылған.
"Олимпиада чемпионы мен Зелимхан Мусихановтың төбелесін бәріміз көрдік. Жігіттер қол алысып, жанжал сонымен бітті деп ойлап едік. Осы оқиғадан кейін не болды? Зелимхан білім алып жүрген спорт колледжінен шығарылды... Оның ағасы жұмыстан қуылған. Оның ата-анасы да жұмыстан қуылған деген ақпарат бар, бірақ нақты солай деп айта алмаймын. Артынан Александр Гольцман (Мусихановтың бапкері) осы іске араласып, Зелимханды қайтадан оқуға алдыруға тырысады, себебі ол жігітті осы оқиғаға бола оқудан шығару қате. Амалын тауып оны қайтадан алдырды", - дейді Сатыбалдинова.
Еске салайық, Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде Серік Сәпиев балуанмен жанжалдасып қалды. Балуан Зелимхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданған, бұл боксшыға ұнамай қалған, кейін төбелес басталған. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгерген.