«Қазақ елінің тұлпарлары» анықталды

«Қазақ елінің тұлпарлары» анықталды

Тобыл төсінде Қазақстан жүйрік аттарының «Мыңнан тұлпар-2009» атты бірінші чемпионаты өз мәресіне жетті. Алты ай бойы Қазақстанның алты аймағының атшабарын дүбірге бөлеген 500 дүлдүлден іріктеліп, ақтық жарысқа жолдама алған 40-қа жуық жүйрік жеті қашықтық бойынша «Қазақ елінің тұлпары» атағын сарапқа салды. Оның сыртында, «Ең үздік бапкер», «Ең үздік атбегі», «Ең үздік шабандоздар» анықталды.

Ұлттық ат спортының тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған «Мыңнан тұлпар» республикалық чемпионаты биылғы жылдың мамыр айында Қостанайдағы «Қазақ тұлпары» жылқы зауытының атшабарында басталған болатын.

– Жоспарға сәйкес, бәйгелер Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Семей және Петропавл қалаларында жалғасты. Сол жарыстарда топ жарып, озық шыққан 40-тан астам ат ақтық кезеңге жолдама ұтып алып, осында келіп бақ сынады. Әрине, бір айта кетер жайт, бұдан басқа да бәйгелерге қатысып, аттарын шаршатып алған біраз ат иелері келмей қалды. Бұны өз кезегінде, бірінші рет өткізіліп отырған біріншіліктің бағасына жете алмау деп те айтуға болады. Дей тұрғанмен, қазіргі келген аттар бірінен-бірі өткен жүйрік, өзара сан мәрте жарысқа түскен, бір-бірінің бабы мен бағын бағып жүрген дүлдүлдер, сондықтан бұл жолғы тартыс қызық та қиын болатыны сөзсіз, – дейді «Қазақ тұлпары» жылқы зауытының директоры Нәбидолла Кикебаев.

726

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР ұлттық ат спорты түрлерінің мемлекеттік жаттықтырушысы Рамазан Сәттібаевтың айтуынша, бұл сай мен салада, қайсыбір ауылдың айты мен тойында, асы мен жиынында өтіп жатқан жарыстардан анағұрлым бөлек.

– Бұл жердегі мақсат пен мүдде де маңызды. Бұл бүгін болып, ертең естен кететін кезекті бәйге емес. Бұл – ұлттық ат спортының жаңа тарихын қалыптастыратын қабырғалы қадамның басы. Біз қолда бар әр жүйрігіміз жайлы толыққанды ақпарат жинаймыз, әлеуетімізді көреміз, сүйріктерімізді спорттың соны да соңғы технологиясы бойынша есепке аламыз. Қысқасы, әлемдік ат спорты деңгейіне көтеру жолында жасалып жатқан шаруа. Осыдан озған чемпиондар келешекте Орталық Азияда өтетін іргелі жарыстарда ел намысын қорғайтын болады, – дейді мемлекеттік жаттықтырушы.
Жеті қашықтық бойынша «Қазақ елінің тұлпары» деген атақты сарапқа салған арқа төсіндегі ақтық жарыс қазақтың ұлттық ойыны – қыз қуумен ашылды. Бұдан кейін 1600 метрлік екі жасар ұшқыр аттар жарысы басталды. Бұл қашықтықта Ақтөбеден келген «Джой» атты құнан 1 минут 40 секундтық көрсеткішпен мәре сызығынан бірінші болып өтті.

Үш жасар жүйріктер арасындағы 2400 метрлік жарыста Павлодардан келген «Танго» тұлпары, 4000 метрге шапқандар арасынан таза қанды «Доморон Агейн» топ жарды. Жеті шақырымда Солтүстік Қазақстанның «Болашағы» басқаларға дес бермеді.

– Екі жасар жүйрігіміз биыл ғана бәйгелерге түскеніне қарамай күні бүгінге дейін төрт машина ұтса, бүгін бесіншісін олжалады. Бабы да, бағы да, шабуы да жақсы болды, ойдағыдай. Шабандоз бала да жаратқан кездегі ережелер мен талаптарды мүлт жібермей, ақтық айналымға келгенше аттың күшін сақтай білді, – дейді «Болашақтың» бапкері Мұратхан Шөпшекбаев.

Тоғыз шақырымдық қашықтықта Ақтөбенің атынан шапқан «Неретто» жүйрігі өзге қатарластарын қапы қалдырып, шаң қаптырды. Бұған дейінгі бес бірдей бас жүлдеден құр қалған қостанайлықтардың үміті соңғы екі қашықтықта барып ақталды. 15 шақырымдық қызба аттар жарысы, 25 шақырымдық аламан бәйгеде «Қазақ тұлпары» қосқан «Гипотеза» мен «Жазира» атты қос жүйрік қара ілестірмеді.

– Жеті және он екі айналымнан тұратын соңғы екі жарыста өзім баптаған екі жүйрік қатар жүлде алғаны қуанышты, әрине. Сөйтіп, бір күннің ішінде ұлым Сәкен екеуміз қос бірдей темір тұлпарға ие болып шыға келдік,– дейді бапкер Игілік Қарманов.

Қостанай бәйгесінде қоңыр күзде мәреге жеткен тұңғыш чемпионаттың нәтижесі бойынша жеті қашықтықта бас бәйгені еншілеген жеті жүйрік «Қазақ елінің тұлпары» атанды. Олардың бапкерлеріне «Ұлттық санаттағы бапкер» деген атақ берілді. Ал бабы келіскен тұлпарлардың бағын аша білген 14 шабандоз ұлттық ат спорты шеберлігін қорғап шықты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста