Отандық спортшы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы атанды

Бұл сында 130 келіде ел намысын қорғаған Хайратхаан Шонку қарсылас шақ келтірмей жеңіс тұғырынан көрінді.

Бразилияда өтіп жатқан 24-ші жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл сында 130 келіде ел намысын қорғаған Хайратхаан Шонку қарсылас шақ келтірмей жеңіс тұғырынан көрінді. Отандасымыз финалдық кездесуде түрік спортшысы Мехмет Юсалды айқын басымдылықпен жеңіп, алтын медаль иегері атанды.

Өз кезегінде  97 келіде Асылжан Тажиев Иран спортшысына есе жіберіп, жарысты күміс жүлдемен қорытындылады. Ал, Нұржан Асан (77 кг), Алдияр Балташевтар (60 кг) үшінші орын үшін болған бәсекеде қарсыластарынан басым түсіп, қос спортшымыз ел қоржынын тағы екі қоламен толықтырды.

Сурдо грек- рим күресінен ұлттық құраманың аға бапкері Ерлан Мұқажан спортшылардың нәтижесіне көңілі толатынын жеткізді.

«Балалар жарады. Қаншама оқу-жаттығу жиындары мен жаттығулардың арқасында осындай нәтиже көрсеттік. Бір алтын, бір күміс, екі қола- бұл біз үшін үлкен жетістік. Алдағы таңда дайындығымызды шыңдай түсіп, Келесі сурдлимпиада ойындарында бұдан да жоғары нәтиже көрсететінімізге сенімдімін», - деді аға бапкер.

Есту мүшесі зақымданған спортшылар арасындағы төрт жылдықтың дүбірлі додасы мамырдың 16 сына дейін жалғасады. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 4 күміс, 17 қола жүлде бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста