Бір рингте екі түрлі айқас

Бір рингте екі түрлі айқас

Марат Мәзімбаевтың промоутерлік орталығы мен «Абылайхан» кәсіпқой спорт клубы бірігіп, 24 қазан күні кешке қарай Алматыдағы Орталық цирк аренасында кәсіпқой боксшылар кешін өткізеді.

Мұны кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Абылайхан» кәсіпқой спорт клубының президенті Жомарт Сәдуақасов мәлімдеді. Шаршы алаңда өтетін бұл жолғы жекпе-жектер қазақ боксының майталман, даңқты тұлғаларының бірі, Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем кубогының иегері Серік Қонақбаевтың 50 жылдық мерейтойына арналып, ұйымдастырылып отыр. Бұл кеште кәсіпқой боксшылар арасында жеті жекпе-жек болады да, соңынан ережесіз жекпе-жектен тағы да үш айқас өткізіледі.

Баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген «Абылайхан» кәсіпқой спорт клубының президенті Жомарт Сәдуақасов:

– Бүгінгі таңда біздегі кәсіпқой бокс шеберлерінің жөні түзу жаттығатын орындары болмағандықтан, былтыр осы клубты ашқанбыз. Бүгінде айналысушылар саны 50-ден асып кетті. Жұма сайын біздің клубта жаттығып жүрген былғары қолғап шеберлері өз деңгейлері қандай деңгейде екендігін байқап көру мақсатымен Алматы қаласының басқа жерлерінде дайындалып жүрген кәсіпқойлармен спаррингтік кездесулер өткізеді. Мұндайда есік ашық болады. Сонымен қатар біз Марат Мәзімбаевтың промоутерлік орталығымен келісімшартқа отырып, алдағы уақытта тізе қосып, бірге жұмыс жасайтын болдық. Өйткені Марат ұйымдастырып жүрген кәсіпқой боксшылар арасындағы жекпе-жектердің басым көпшілігінде біздің клубтың өкілдері өнер көрсетеді. Біз оларға қазір барлық жағдайды жасап жатырмыз. Біздің жігіттердің арасында Семен Упоров, Қанат Алтаев сынды шеберлер бар. Дайындықтан қол үзбейді. Оларды Серік Ешмағанбетов, Қанат және Қайрат Сихымбаев сынды кәсіпқойларды шыңдап шығарған тәжірибелі бапкер Олег Ковальчук дайындап жүр, – деді.

Бұдан кейін ҚР кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненко сөз сөйлеп, былай деді:

– Біз қазақ спортының жарық жұлдыздарының бірі Серік Керімбекұлының құрметіне бірнеше шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Кәсіпқойлар кеші де солардың қатарында. Мерейтойға құрметті қонақтар келеді. Кезінде бізбен бірге КСРО ұлттық құрамасы сапында болған ардагер боксшылардың алды келіп те жатыр. Олар біздің әуесқой боксшыларымыздың өнерлерін бірде болмаса, бірде көріп жүр. Негізінен, Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарынан әрине. Осы жолы біз оларға кәсіпқой боксшыларымыздың деңгейі қандай екендігін байқатпақпыз. Сондықтан бұл кешке ерекше мән беріп отырмыз, – деді.

Марат Мәзімбаев кәсіпқой боксшылар кешінде біздің күрзі жұдырықты жігіттеріміз Өзбекстан, Қырғызстан және Гүржістан файтерлерімен айқасатындығын айтты. Ең басты жекпе-жек 53,5 салмақ дәрежесіндегі 6 раундтан тұратын қазақстандық Мират Сәрсембаев пен Гүржістаннан келген Хвича Папиашвили арасындағы айқас болмақ.

Жалпы, 24 қазан күнгі кәсіпқой боксшылар кеші мына жұптар арасында өтеді:

Кәсіпқой бокс
61 келі салмақ дәрежесі, 4 раунд Әнуар Мұсағұлов (Қазақстан) –  Ерлан Исмайлов (Қырғызстан)
55,5 келі салмақ дәрежесі, 4 раунд Марат Сүлейменов (Қазақстан) – Әзізбек Каламатов (Қырғызстан)
57 келі салмақ дәрежесі, 6 раунд Миржан Жақсылықов (Қазақстан) – Зияддин Мамаризаев (Өзбекстан)
63,5 келі салмақ дәрежесі, 6 раунд Қанат Кәртенбаев (Қазақстан) –  Хуршид Мадалинов (Өзбекстан)
61 келі салмақ дәрежесі, 6 раунд Берік Қалиев (Қазақстан) – Руруа Ушанги (Гүржістан)
66 келі салмақ дәрежесі , 6 раунд Александр Журавский (Қазақстан) – Бекзот Шакиров (Өзбекстан)
53,5 салмақ дәрежесі, 6 раунд Мират Сәрсембаев (Қазақстан) – Хвича Папиашвили (Гүржістан)

Ережесіз жекпе-жек
60 келі
Бегнар Анарбаев (Қазақстан) – Мунго Норсонов (Ресей)
70 келі
Ербол Оразғалиев (Қазақстан) – Дмитрий Севаков (Ресей)
Саяуш Қасабаев (Қазақстан) – Виталий Кулишов (Ресей).

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста