Азия ойындарына Қазақстан футболшылары неге бармайды?

Азия ойындарына Қазақстан футболшылары неге бармайды?

Бүгін Алматыда ХVІІ жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшыларымызды шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды "Алаш айнасы".
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Оңтүстік Кореяда өтетін ХVІІ жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшыларымызды маңызды сапарға шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды. Оған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов пен Штаттағы ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясының басшысы Қайыргелді Жанпейісов қатысты.
Әуелі спорт журналистеріне арналып баспасөз жиыны өтті. Онда Елсияр Баймұхамедұлы төрт жылда бір өтетін жазғы Азия ойындарының маңыздылығына тоқталып өтті.
Әрі осыдан төрт жыл бұрын Гуанчжоуда өткен ХVІ жазғы Азия ойындарының жалпыкомандалық есебінде бесінші орынды қанағат тұтып, төртінші орыннан айырылып қалғанымызды тілге тиек етті.
Бұл жолы жалпыкомандалық есепте 4-орынға ие болу мақсат тұтылып, осындай нақты міндет қойғанын да атап өтті. "Ол үшін 20-дан астам алтын алуымыз керек", - дейді Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы.
Бұл, әрине, оңай емес. Елсияр Баймұхамедұлы мұны баса айтып, атүсті талдап та берді. Біріншіден, Азияның көптеген елдерінде спорт қарқынды түрде дамып келеді. Төртінші орыннан үмітті басты бәсекелестеріміз Иран, Таиланд, Үндістан және басқа елдер болуы керек.
Екіншіден, біздің елдің спортшылары Азия ойындарында сарапқа салынатын 439 медаль жиынтығының 120-сына қатыспайды. Таратып айтар болсақ, Инчхонда барлығы 50 спорт түрінен 439 медаль жиынтығы сарапқа салынады (Осы 50 спорт түрінің 41-і Олимпиада ойындары бағдарламасына енетін спорт түрлері де, қалған тоғызы – олимпиадалық емес спорт түрлері).
Әрі 2010 жылғы Азия ойындарымен салыстырғанда, биылғы дүбірлі дода бағдарламасынан Шығыс Азия мемлекеттерінің бес ұлттық ойыны және шахмат пен спорттық би алынып тасталған. Төрт жыл бұрын дәл осы соңғы екеуінен (шахмат пен спорттық биден) біздің спортшылар алтын медаль олжалап, басқа да жүлделер алған болатын.
Біздің ел ХVІІ жазғы Азия ойындары бағдарламасындағы 50 спорт түрінің 11-інен мүлде додаға түспейді. Осы 11 спорт түрінің жетеуі (софт теннис, кабадди, крикет, сквош, сепактакроу, бейсбол, ВМХ) біздің елде тамыр таратпаған. Ал осы жеті спорт түрінен 25 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Әлгі 11-дің қалған төртеуі – боулинг, бадминтон, суға секіру (бұл үшеуі бізде жоғары деңгейде дамымаған) және футбол (біз АФК емес, УЕФА құрамындамыз). Осы төрт спорт түрінде сарапқа салынатын медаль жиынтығы – 38.
Сондай-ақ кейбір спорт түрлеріндегі (жүзу, жеңіл атлетика және т.б.) қайсыбір жарыс-сайыстарға біздің спортшылар қатыспайды. Солардың бәрін қосқанда, Қазақстан спортшылары 439 медаль жиынтығының 120-сында додаға түсе алмайды.
Әйтсе де қалған спорт түрлерінде солардың жігін жауып, басты бәсекелестерімізден асып түсу керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста