«Алтын тайтұяқ» кімге бұйырады?

«Алтын тайтұяқ» кімге бұйырады?

Алдағы сенбі, қыркүйектің 22-сі күні, Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велокешенінде қазақша күрестен «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық бәсекелері өтеді. Осы жолы жеңімпаз атанған балуанға қазақтың ежелгі салт-дәстүрі бойынша «Алтын тайтұяқ» беріледі. Оған қоса чемпион 150 мың АҚШ долларына ие болып, су жаңа Hundai Sonata автокөлігін мінеді. Ал турнирге келетін жанкүйерлердің біреуі Hundai Elantra көлігін ұтып алуы әбден мүмкін.
Бүгінде күрес десе ішер асын жерге қоятын қазақ баласы баршылық. Оны өткен жылы ғана басталған «Қазақстан барысы» турнирі көрсетті. Астанадағы Ұлттық тен­нис орталығында ұйымдасты­рылған алғашқы бәсекелер кезінде 4 мың адамға есептелген залдың ішінде ине шаншар жер болмады. Халықтың біразы далада қалды. Сол себепті биыл «Қазақ­стан барысы» турнирінің ақтық сындарын 10 мың адамға арналған «Сарыарқа» рес­публикалық велокешенінде өткізу ұйға­рылды.
Биыл «Қазақстан барысы» белбеуін сарапқа салатын балуандардың саны екі есеге, яғни, 64-тен 34-ке дейін қысқарып отыр. Оның да өзіндік себебі бар.«Шынын айту керек, былтыр кейбір іріктеу кезең­дері жай қағаз жүзінде ғана өткен. Биыл біз әр облыстан бұрынғыдай төрт емес, екі мықты деген балуанды іріктеп алдық. Сол себепті аудан және облыс деңгейінде тартысты бәсекелер болды. Осы жолы ең білекті, ең мықты балуандар финалға жетті. Біз олардың санын азайтқанмен, сапасын көтердік деп ойлаймын», – дейді «Қазақстан барысы» қорының жетекшісі, «КТК» телеарнасының бас директоры Арман Шораев.
Осы жолғы турнирде өткен жылдың жүлдегерлері өз белбеулерін қорғап көр­мек. Ережеге сәйкес, олар ешбір іріктеусіз финалға қатыса береді.

Ұлан РЫСҚҰЛ, «Қазақстан барысы – 2011» турнирінің жеңімпазы:
– Енді әрбір балуан «Қазақстан барысы» турнирінің белбеуін тағуды көздейді ғой. Мен осы арманыма жеткеніме қуанамын. Биыл да бозкілемге шығып, өз атағымды қорғап көремін. Өкініштісі сол, бұл жолы қол жарақа­тымен шығуға мәжбүр болып отырмын. Бірақ шықпасам, басқалар мені қорқып қалды деп ойлайды. Осы турнирде де бірінші орынға таласа аламын.

Былтыр Ұланға жол берген Бейбіт Ыстыбаев та биылғы турнирге қатысып, есе қайтаруға дайын болып отыр.
Бейбіт ЫСТЫБАЕВ, «Қазақстан барысы – 2011» турнирінің күміс жүлдегері:
– Былтыр Астанада өткен турнирде мен екінші орынға ие болдым. Жеңім­пазға жол бергеніме күйініп, қатты уайымдадым. Бірақ жіберген қателік­терімді тағы бір мәрте пысықтап, бұл турнирге тап-тұйнақтай дайындалдым. Осы жолы мен жеңуге міндеттімін.

Биыл жеңімпаз атанған балуанға «Қазақстан барысының» белбеуі мен 150 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақы­мен бірге қазақтың ежелгі салт-дәстүрі бойынша «Алтын тайтұяқ» беріледі. Оны Қа­зақстанның Ұлттық банкі арнайы турнир үшін құйып берген. Сондай-ақ 1-ор­ын­ға демеушілердің арнайы сыйлығы – Hundai Sonata автокөлігі табысталады. Турнирді тамашалауға келген жанкүйер­лер де құр қол қайтпайды. Олардың билеттері бойынша Hundai Elantra көлігі ойнатылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста