Алатау бөктерінде – әлем чемпионаты

Алатау бөктерінде – әлем чемпионаты

29 қаңтар күні Алматыда бендиден ХХХІІ әлем чемпионаты басталады. Чемпион мен жүлдегерлер 5 ақпан күні анықталады.
Бендиден немесе допты хоккейден әлем чемпионаты алғаш рет 1957 жылы Финляндияда өткен. Әу баста төрт жылда бір өткізу жайлы шешім қабылданғанымен, 1961 жылдан бастап екі жылда бір өткізіле бастады. Ал 2003 жылдан бастап жыл сайын өткізілуде. Қазақстанда тұңғыш рет өтпек.
Алматыдағы әлем чемпионатында 15 мемлекеттің ұлттық құрамасы сынға түседі деп күтілуде. Бендидің өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда командалардың деңгейлері бірдей болмағандықтан, мықтылар бөлек, ортанқол құрамалар өз алдына, осалдар өздерімен-өздері сынға түседі. Өйткені ұлт­тық құрамалар деңгейі әркелкі, айыр­машылықтары жер мен көктей. Бенди таяқшасын қолдарына кейіннен алған елдердің ойыншылары қарқындары жоға­ры Ресей және Швеция құрамаларының жұлдыздарына ілесе алмай да қалады. Ойындардың көбі екі таңбалы доп айыр­масымен аяқталып, қызығы болмайды. Сонымен, биылғы әлем чемпионатына қа­тысуға ниет білдірген командалар мына үш топқа жіктелген:
«А» тобының тартысты ойындары Алатау төсіндегі «Медеу» мұзайдынында өтеді. «В» және «С» тобындағы ұлттық құ­ра­малар Орталық стадионның артындағы қосалқы алаңда додаға түседі.
Әлем чемпионатына Қазақстан ұлттық құрамасы жылдағыдан ерекше дайында­луда. Өйткені өз жерімізде жүлдеге ілігіп жатсақ, абырой болар еді. Жалпы, Қазақ­стан бендишілері 1993 жылдан бергі әлем чем­пионатында екі рет қола жүлдегер атанып, 2003 және 2005 жылдары үшінші орынға ие болған. Енді құрама сапына тоқтала кетсек:
қақпашылар – Андрей Рейн (1982 ж.т., «Динамо», Мәскеу), Александр Косынчук (1974, «Динамо», Қазан);
қорғаушылар – Михаил Добрынин (1974, «Волга», Ульяновск), Денис Мак­си­менко (1983, «Старт», Нижний Нов­город), Андрей Веселов (1974, «Байкал-Энер­гия», Иркутск), Сергей Горчаков (1982, «СКА-Нефтяник», Хабаровск);
жартылай қорғаушылар – Леонид Бедарев (1979) және Руслан Галяутдинов (1986, екеуі де – «Старт», Нижний Нов­город), Андрей Мороков (1975, «Ветлан­да», Швеция), Денис Слаутин (1976, «Ди­намо», Қазан), Евгений Шадрин (1982, «Байкал-Энергия», Иркутск), Дмитрий Зави­довский (1981, «Енисей», Крас­ноярск), Вячеслав Маркин (1983, «СКА-Нефтяник», Хабаровск);
шабуылшылар – Рауан Исалиев (1988, «Старт», Нижний Новгород), Вячеслав Брон­ников (1980, «Родина», Киров), Алек­сандр Насонов (1981, «Байкал-Энер­гия», Иркутск), Сергей Почкунов (1983, «СКА-Нефтяник», Хабаровск);
қосалқы ойыншылар: шабуылшы Ес­кендір Нұғманов (1990) және қақпашы На­ри­ман Тақыров (1991, екеуі де – «Ақ­жайық», Орал).
Бас бапкер – Алексей Никишов.
Аға жаттықтырушы – Марат Мәңгіба­ев.
Қосарымыз: бізде бендиден толық­қан­­ды ел чемпионаты өткізілмейді. Сайып кел­генде, бір ғана командамыз бар. Ол – Оралдың «Ақжайығы». Бұл команда Ресей чем­пионатының жоғарғы тобында ойнай­ды (екінші лигасы деп түсініңіз). Сол себепті біздің бапкерлер негізінен Ресей құрамасының сапына ілікпей жүрген орыс хоккейшілеріне иек артып кеткен. Солар­дың арқасында екі рет қола жүлдегер атан­ғанбыз. Бірақ былтырғы Азия ойындарында саф алтынды «Ақжайықтың» ойыншыла­ры­мен-ақ «ұрып» алғанбыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста