«Алаш алыспағы» – жаңа жекпе-жек түрі

«Алаш алыспағы» – жаңа жекпе-жек түрі

«Су жаңа жекпе-жек түрінен республикалық федерация құрылды» деген соң, «Түгел» баспасөз клубына жетіп бардық. Жаңа жекпе-жек өнері «Алаш алыспағы» деп аталады екен. Негізін қалаушы – Аманжол Түберов. Пір Бекет жерінде, Маңғыстау облысында пайда болған жекпе-жектің бұл түрінен жарыс өткізу лицензиясы әзірге облыстық деңгейде ғана. Ендігі мақсаттары – республикалық деңгейде лицензия алып, осы спорт бойынша ел чемпионаттарын өткізу.

«Алаш алыспағы» деп аталған жекпе-жек спортын 1995 жылы ашқан бо­ла­тын­быз. 2006 жылы Әділет министрлігінде рес­ми түрде тіркедік. Атауын да қазақ дүние­танымына жақын етіп «Алаш» дедік. Ал «алыспақ» деген сөзді орыстың «руко­паш­ный» деген сөзіне жақын келген соң алдық», – дейді Аманжол Түберов. Оның айтуынша, бұл тек ұлттық спорт болады. Спорт киімін де ұлттық нақышта жасаған. Қазақтың иісі аңқысын деп шалбарларына ою салып, жейдесіне еліміздің туын және «Алаш алыспағы» спортының таңбасын қойыпты. Тіпті жекпе-жек алаңы да ұлттық са­рындағы жасалған шеңбер түрінде. Жекпе-жекке түсер алдында қарсыластар бір-бірімен қазақ дәстүрімен амандасады екен. «Қазір шығыс жекпе-жек мектебінің қай түрін алсаң да, сәлемдесуіне дейін өздерінің наным-сенімдеріне сай жасаған. Біз де қазақыландырып жібердік», – дейді Аманжол Жұмабайұлы.
Кемшіліксіз дүние болмайды, сол жерге жиналғандар «Алаш алыспағы» спортының таңбасына (эмблемасына) бір ауыздан қарсылықтарын білдірді. Ондағы ру-тай­па­ларға тән таңбаларды басқа дүние­мен алмастыру жайында ұсыныс тасталды. Мәсе­лен, «Алаш дүниетанымына жақын шаңырақтың да таңбада көрініс табуы қажет» деген пікірлер айтылды. Сосын эмблемадағы ою да қазаққа жат. «Қазақ­тың емес, будданың оюына көбірек ұқсай­ды екен» дегендер де болды.
Ең сорақысы, таңбадағы жазудың «Тюркское боевое искусство – стиль Алаш» деп орыс тілінде болуы жұрттың ашуын туғызды. «Спорттан қазақы иіс аңқып тұруы керек» дегендердің сөзі мен ісі эмблемада көрініс таппағаны ыңғайсыз екен. А.Түберов осы кемшіліктің бәрін түзетуге уәде берді.
Ал, негізінен, «Алаш алыспағы» спорты қолдауға тұрарлық дүние екеніне дау жоқ. Тек жетілдірсе болғаны. Қазіргі күні Маң­ғыстау облысында спорттың осы түрінен бірнеше рет жарыс та ұйым­дас­ты­рылған. Жаңа жекпе-жек өнерінің бас­тауын­да тұрғандар әлі-ақ әлемдік деңгейге көтері­ле­тіндеріне сенімді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста