Жедел жәрдемге жәрдем қажет

Жедел жәрдемге жәрдем қажет

Аяқасты дәрігердің жедел көмегін қажет еткен адамның ең бірінші жүгінері – медициналық жедел жәрдем қызметі. Екі аяғыңды тең басып, дәрігердің алдына өзің бара алатындай жағдайда сөз басқа, ал қарға адым жер мұң болып, өмір мен өлім арасында жатқанда жедел жәрдем қызметінің ауадай қажеттігі сөзсіз. Сондықтан басқа басқа, науқасты өлімнен арашалап қалатын, алғашқы медициналық қызмет көрсететін жедел жәрдем қызметі неғұрлым жылдам болып, талапқа сай, барлық уақытта өз қызметіне сақадай сай тұруы қажет-ақ. Әйтсе де халықты сауықтырмақ түгіл, өзі «дімкәс» медицина саласының жедел жәрдем қызметіне айтылар сын азаймай тұр.
Еліміздегі халық денсаулығын сауықтыру, ме­ди­ци­налық қызмет сапасын жақсарту үшін жыл сайын мем­ле­кеттен қыруар қаржы аударылады. Және бұл қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, халық денсау­лы­ғын сақтауды қаржыландыру 2002 жылы жалпы ішкі өнімнің 1,9 пайызын құраса, 2010 жылы бұл көрсеткіш ЖІӨ-нің 3,2 па­йы­зына дейін ұлғайған. Са­лыстырмалы түр­де қарасақ, жыл сайын бұл көр­сет­кіш ай­тар­лықтай мөлшерде көбейіп отырған. Яғни 2001 жылы – 63,9 млрд теңге (ЖІӨ-нің 1,97%-ы), 2002 жылы – 73,0 млрд теңге (1,93%), 2003 жылы – 92,4 млрд теңге (2,08%,), 2004 жылы – 133,7 млрд тең­ге (2,63%). Бұл өсім мұнымен тоқтамай, жыл өткен са­йын өскен үстіне өсе түсуде. Дүние­жүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының ұсы­нысы бойынша, денсаулық сақ­тауға жұм­салған мемлекеттiк шығыстар ЖІӨ-нiң ке­мiн­де 4% мөлшерін құрауы тиіс. Атап айтарлығы, біз бүгінде бұл межені қуып жеттік. Әйтсе де жыл сайын халық денсау­лығын жақсартуға бөлініп отырған со­ма­ның көтеріліп келе жатқанына қарамастан, ха­лық­­қа көрсетілер медициналық қызмет көрсету са­па­­сының жоғарылауы байқалар емес. Алысқа ұза­май-ақ, соңғы статистикаға көз жүгіртер болсақ, Қа­зақ­станның денсау­лық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған ел азаматтарының ден­саулығын жақсарту және мемлекетіміздің тұрақты әлеу­меттік-демографиялық да­муын қамтамасыз ету жә­не денсаулық сақ­тау саласының бәсекеге қабілетті жү­­йесін қалыптастыруды көздеген бағдарламасы ая­сын­­да республикалық бюджеттен 552,3 млрд тең­ге қаржы бөлінген. Статистика жүзінде осы секілді «ұлт­тың басты байлығы – халық денсаулығын» жақсартуға бөлінген қаржыда есеп жоқ. Ендеше, жыл сайын бө­лінген қаржының көлемі өссе де, меди­циналық қыз­мет сапасы неге жоғарыла­майды?! Ең болмағанда, ха­­лық­қа жедел түр­де медициналық қызмет көрсетуі тиіс жедел жәрдем қызметі талапқа сай болуы керек емес пе?!
Күні кеше Қарағанды қаласындағы бір топ ме­ди­циналық жедел жәрдем қызмет­кері жергілікті денсаулық сақтау департа­мен­тіне наразылық білдірді. Олар «қарын­да­рының ашқанына» емес, халыққа өз қыз­меттеріне сай көмек көрсете алмай отырған­да­рына наразы. Жедел жәрдем қызметінің нормативі бойынша он мың халыққа бір дәрігерлік бригада қызмет көрсетуі тиіс. Ал осы өңірдегі оңтүстік-шығыс аймақ бо­йын­ша 140 мың халыққа жеті дәрігерлік бри­­гада жедел көмек көрсетіп жатқанын ес­кер­сек, қалыпты жағдайдан екі есе аз еке­нін байқаймыз.
Қарағандылық жедел жәрдем қызмет­керлері «Бригаданың азды­ғынан түскі асқа, кешкі тамаққа уақытымыз жоқ. Еңбек заңдылығына сәйкес құқымыз бұзылып жатыр. Науқастардың ша­қыруына 3-4 сағат кешігіп барамыз. Ха­лық бізге рен­жиді. Шындығында, бұл реніш біздің та­лапқа сай жұмыс істеуімізге мүмкіндік ту­дырмай отырғандарға айтылуы тиіс» дей­ді.
Татьяна КУДАШКИНА, Қарағанды қалалық жедел жәрдем қызметінің дәрігері:
– Науқастарға жедел көмек көрсету кезінде бір дәрігер аздық етсе де талай жылдан бері жедел жәрдем шақырған жандардың шақыртуына жалғыз аттанып жүрмін. Бірде сіңірі тартылып, тырысып жатқан кішкентай балаға жалғыз өзім жан сақтау амалдарын жасауым, бір жағынан тездетіп дәрі егуім керек болды. Жалғыз өзім шамам жетпей, дегенмен ба­ланы әрең дегенде аман сақтап қал­дым. Ар­тынан баланы қалай аман алып қал­ғаныма өзім де таңғалдым. Құдай кө­мек­тескен болар... Әйтсе де әрқашан бұлай сәті түсе бермесі анық...Кадр же­тіс­пеушілігі салдарынан сәбидің ауырып жатқаны жөнінде шақырту түссе фельд­шер аттанады. Өйткені жедел жәрдем қыз­метінде педиатр маманы жоқ. Ал мұндай жағдайда сапалы медициналық көмек болмайтыны айқын.
Игорь РАЗДЫМАХА, Қарағанды қалалық жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі:
– Жедел жәрдем көлігін жөндеп отыру үшін ақша бөлу басшылықтың қа­періне кіріп те шықпайды. Біз барлық қажетті көлік бөлшектерін өз ақшамызға сатып аламыз. Барлық жүргізушілер бірігіп ақша жинап, көліктерімізді біртін­деп жөндейміз. Бұл сөзімді осы жердегі бар­лық жедел жәрдем жүргізушілер рас­тай алады. Басшылық тіпті қарапайым көлік майын ауыстыруды да ұмытты. Уақытылы жөндеу көрмегеннен кейін көлігіміз жиі бұзылады. Осының сал­дарынан науқастар шақырғанда кешігіп жетеміз, тіпті орта жолда бұзылып, дә­рігерлер жаяу қалып кетеді. Бірақ жа­найқайымызға ешкім құлақ асар емес.
Қарағандылық жедел жәрдемшілер осы уақытқа дейін жедел көмек көрсетуге жағ­дай жасалмай отырғанын айтып, талай та­бал­дырықты тоздырған. Тіпті талай ми­нис­тр­дің блогына жазып, қаржы полициясына да шағымданған. Бүгінде қарағандылық 80 же­дел жәрдем қызметкерлері мұңдарын ай­тып, жергілікті денсаулық сақтау департа­мен­тіне, қалалық «Нұр Отан» партиясының фи­лиалына және депутаттарға шағымданып отыр.
Бақыт ТҮМЕНОВА, «Аман саулық» қоғамдық қорының президенті:
– 80 адамның қолы қойылған қа­ра­ған­­дылық жедел жәрдем қызметкер­ле­рінің арызы біздің қоғамдық қорға да ке­ліп түсті. Арызда «кадр,көлік жетіспей­ді, жемқорлық жайлап алды, жедел жәр­­дем көлігін жөндеуден өзіміз өт­кі­зе­міз» де­ген секілді көптеген арыз-ша­ғым­дар ай­­тылған. Бұл – сұмдық жағдай. Нау­­қас­­тар­ға медициналық жедел жәр­дем қыз­­меті қолжетімді, сапалы болуы тиіс. Мем­­лекет тарапынан бөлінетін қар­жы, ең алдымен осы жедел жәрдем қыз­­ме­тінің талапқа сай болуы үшін жұм­салуы тиіс. Өйткені науқасқа алғашқы меди­ци­­налық көмектің маңызы өте зор. Адам­­ды ажалдан арашалап қалатын қыз­­мет түрі. Жедел жәрдем қызметінің дер кезінде келмеуі өлім қаупін де кү­шей­теді. Сондықтан жедел жәрдем қыз­метін жақсарту мәселесі алдағы уақытта же­дел шешілуі тиіс. Халық жедел жәр­дем қызметкерлерін кінәлайды. Алайда дә­рігердің астында көлігі болмаса ол қалай науқасқа тез жетеді? Жұмыс іс­теуге жағдай туғызбасақ ол қалай сап­а­лы алғашқы медициналық қызмет көр­се­теді?
Айта кетер жайт, бұл тек Қарағанды қа­ласындағы жедел жәрдемнің жарымжан ха­лі емес, Алматы облысына да тән нәрсе.
Бірінші шілде күні дене қызуым үш күн қатарынан 39 градустан түспей жатқан соң жедел жәрдем қызметіне хабарластым. Тұрғылықты жерім Алматы қаласына жақын болғанымен Қарасай ауданына қарасты болғандықтан, әдетте Абай ауы­лының халқы жедел жәрдемді Қаскелең қаласынан ша­қыр­тады. Алайда Қаскелең қалалық меди­ци­налық жедел жәрдем қызметі Абай ауы­лы халқына күндізгі мез­гілде жергілікті ау­ру­ха­наның жедел жәр­дем қызметі көмек көр­сететінін айтып 3890522 нөміріне ха­бар­ласуымды өтінді. Айт­қан нөміріне ха­бар­ласқанымда кезек­ші бөлім қызметкері же­дел жәрдем көлі­гінің сынып қалғанын, дә­рігерлердің ме­нің алдымда түскен ша­қыр­ту бойынша жаяу кеткенін... (!) оның үс­ті­не жаңбыр жауып тұрғандықтан маған мүл­де келе алмауы да мүмкін екендігін ай­тып, көлік тауып өзімнің келуімді өтінді. Амал­сыз өзімнің қозғалуға мүмкіндігім бол­ма­ған­дықтан, жекеменшік ақылы жедел жәрдем қызметіне жүгінуіме тура келді. Арада 10 күн өткен соң 11 шілде күні тағы да Абай ауылдық жедел жәрдем қызметіне күнім түсті. Бұл күні кезекші дәрігер «жедел жәр­дем қызметінің кезекті еңбек дема­лысы­на кетуіне орай тағы да өзімнің ке­луімді өтінді». Менің «демалысқа кеткен қыз­меткердің орнын алмастыратын дә­рігер жоқ па сонда?» деген сауалыма кезекші дәрігер «Жоқ» деп шорт кесті.
Шыны керек, бүгінде халық тегін меди­циналық қызметтен күдерлерін үзе бастады. Онсыз да басы ауырып, балтыры сыздаған халық тегін медициналық қызмет үшін ем­хан­адағы құлқын сәріден тұратын ұзын со­нар кезектен де шаршаған. Сол үшін жеке­меншік медициналық орталықтарды жаға­лап, ақылы жедел жәрдем қызметіне жүгі­неді. Ақылы жедел жәрдем қызметінің бір ша­қырғаны 10 мың теңге тұрса да, жаны қи­налған жұртшылық жедел медициналық қызмет үшін қалтасындағы соңғы тиынын санап беруге әзір. Сонда «жыл өткен сайын халық денсаулығын жақсартуға көңіл бө­лініп жатыр» деп жар салып, мемлекет та­ра­пынан бөлінетін қаржы көлемі жо­ға­ры­лап келе жатқан тегін медициналық қызмет көр­­сету үшін бөлінетін қаржы кімдер үшін? Тіпті жедел жәрдем көлігінің майын ауыс­ты­рып, жүріп-тұруын қамтамасыз ете де ал­май отырған қаржы қайда кетіп жатыр? Сұрауы кімнен?!...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста