Ұлт журналистикасының ұлықпанынан айырылдық

Ұлт журналистикасының ұлықпанынан айырылдық

Ақ қарлы ақпанның бел ортасында, күні кеше ғана жер қойнына тапсырған Рымғали Нұрғалидай тұлғаның  топырағы кеппей жатып Алаш жұрты тағы бір ардақтысынан айырылды. Жетпіске қараған шағында көз жұмған Рафаэль Жұмабаевты қазағы ұлт журналистикасының ұлықпаны деп біледі.

ҚР мәдениет қайраткері Рафаэль Жұмабаев – Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тумасы. Сәкен Сейфуллиндей арысымыз дәріс берген Қазақ педагогикалық институтын бітіре сала, әскери борышын Вьетнамға барып өтеп, АҚШ-Веьтнам соғысын көрген жас жауынгер  елге оралысымен қаруды қаламға ауыстырады.  Қазақ радиосының Қарағанды облысындағы тілшілігінен бастап, кейін осы киелі шаңырақтың қызметкері болған  жауынгер журналист он бес жылдай қазақ телевизиясының тізгінін ұстаған басшылыққа дейін көтерілді. «Тамаша», «Айтыс» сынды шоқтығы биік бағдарламаларды кезінде қазақ телевизиясының көгілдір экранына шығарған осы азамат болатын. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жайлы Жеңістің 40 жылдығына орай  түсірілген 40 сериялы деректі фильм де осы ардақты азаматтың араласуымен дүниеге келген. Фильмнің әр сериясында қазақ даласынан майданға аттанып, сонда түрлі ерліктер атқарған жауынгерлерді көрсетіп, тарихтың қаншама бізге белгісіз беттері ашылды. Осындай іргелі істің басында мықты ұйымдастырушы болған Рафаэль Жұмабаевты ұлт жанашыры деуге әбден болады.  Қазақ телевизиясындағы Алматы – Дели – Токио сынды тұңғыш телекөпір де тұлғаның тұсында атқарылған игілікті істің бірі еді.   

Жүрсін ЕРМАН, ақын, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері:

– Рафаэль Жұмабаев деген ардақты азаматпен мен қазақ телевизиясының қабырғасында он шақты жыл бірге жұмыс істедім. Ол кісі онда телеарна басшысының бірінші орынбасары, осы киелі шаңырақтың директоры да болды. Одан бұрын Рафаэль Жұмабаев – радиода біршама жыл қызмет атқарып, сол тұста радиода спорт журналистикасын қалыптастырып, дұрыс жолға қойған жан. Азаматтық қырына келер болсам, ол кісі телевизияда басшы болып тұрғанда, маңайында қабілетті де дарынды жастар болса, соларға шығармашылық еркіндік беруге тырысқан абзал адам еді. Сонысымен біраз таланттардың өсуіне ықпал жасады. «Тамашаның» да басы-қасында болды, «Айтысқа» да оң көзімен қарап, көмектесті. Өмірде үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіре білетін, жан-жақты барлап, ойлайтын жақсы адамдардың бірі еді.   

Ұлбосын АЙТӨЛЕН, «Айқын» газетінің қызметкері:

– Рафаэль ағамыздың аялы алақанында қызмет істеген жанның бірі –  менмін. Өте мықты ұйымдастырушы ұстаздың ешқашан дауыс көтеріп ұрысқанын естіген емеспін. Қашан көрсең, сабырлы, салмақты қалпынан танбайтын. Қарамағындағы әр қызметкердің қайсысы қай салаға қабілетті, соны бес саусақтай біліп, сол бойынша тапсырма бере білетін. Сондықтан ағамыз журналистің сол жұмысты жүз пайыз орындайтынына сенетін.

Араға қаншама жыл салып жұртшылық Наурызбен қайта қауышқан кезде телеарнада Ұлыстың ұлы күнін ұлықтайтын бағдарлама жасауда да Рафаэль Жұмабаев бас-көз болса керек. Көп кешікпей көктем де келеді, бірақ бұл көктем абзал жанның жоғынан әлі бейхабар. Тіршілік заңы... Бірақ артында  ауыз толтырып айтарлықтай айшықты істер мен шығармашылық мұра қалдырған аяулы перзенті Алаш жұртының жүрегінде мәңгі өмір сүрмек. Пәниден бақиға аттанған абзал жанның жаны Жәннатта болсын! «Алаш айнасы» газетінің ұжымы марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста