Техникалық бақылау қажет пе?

Техникалық бақылау қажет пе?

Таяуда «Оңтүстік Қазақстан облысында әрбір 4 көліктің үшеуі техникалық бақылаудан заңсыз өткен» деген ақпарат тарады. Ондай ақпаратты Оңтүстік Қазақстан облыстық көлік инспекциясының мамандары таратты. Мамандардың мәліметіне қарағанда, өңірдегі 29 мың автокөліктің 21 мыңы, яғни 74 пайыздан астамы техникалық байқаудан өтпей-ақ, жалған құжат жасатып жүрген көрінеді. 

Көлік инспекциясының мамандары таратқан мәлімдемеге қарағанда, жалған құжат жасауға автокөліктерді техникалық бақылаудан өткізетін орталық мамандары қолғабыс жасаған. Нақтырақ айтқанда көліктер техникалық бақылау орталығына бармаған. Яғни, орталық мамандары білгілі бір ақша алып, көліктің тұрған жеріне барып, өтті деген құжат дайындап, машиналарды тек суретке түсірумен шектелген. Қалған істі фотошоп арқылы жасап отырған.

Ержан ҚАЛЫМБЕТОВ, ОҚО көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы:

– Заңды өткен құжатта нақты көрініс байқалады. Диагностикалық картада шұңқыр, тежегіш стенд барлығы көрініп тұрады. Ал, суретке түсіргендер ол көріністерді фотошоппен әкеліп қояды. Бұл жағдайлар сараптамада анықталды.
Алайда, бұл тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана емес, мұндай жағдай республикамыздың барлық аймағына тән. Өйткені, автокөліктерді техникалық бақылаудан өткізетін орталықтарға барғандардың көпшілігі көлігін ақша беріп, тексеруден өтетіні жасырын емес. «Техникалық бақылаудан өтті» деген жалған толондар өткен жылы да анықталған. Ол кезде 274 мың көліктің 80 пайызы жалған талонмен жүргені анықталған болатын. Яғни, бүгінгі таңда техникалық бақылау формальды шараға айналып отыр. Сондықтан да соңғы жылдары жеңіл көліктерді техникалық бақылаудан өткізу шарасын мүлде алып тастау керек деген бастаама көтерушілер көп. Өйткені мұндай тәжірибе шет елдерде қолданыста бар. Мысалы, Грузияда жекеменшік жеңіл көліктерді техникалық бақылаудан өткізу деген атымен жоқ. Көрші Ресей де сондай тәжірибені енгізбек. Орыс елі алдымен мараторий жариялап, сосын мүлде алып тастауды қарастырмақ екен.
Мұндай мәселе біздің елде де көтеріліп жүр. Мысалы өткен жылы Ішкі істер министрлігіне қарасты Жол полициясы комитетінің төрағасы Берік Бейсенқұлов мырза Мәжілісте «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» заңды талқылау барысында Қазақстанда жеңіл көліктердің міндетті техникалық бақылаудан өткізу тәртібін алып тастау мәселесін қайта қарауға болатынын айтқан еді. Әрине бұл ұсынысты қолдаушылар да, қарсы шығушылар да табылады. Өткен жылы осы мәселеге қатысты ақпарат құралына берген сұхбатында заңгер Мырзабек Бекберді былай деген екен.

Мырзабек БЕКБЕРДІ, заңгер:

– Жасыратыны жоқ, техникалық тексеріс орталықтарына көліксіз барып, «тексерістен өтті» деген қағазды алып шығатындар өте көп. Тіпті көлікпен барсаң – мұнша, көліксіз барсаң – мұнша деген де бағалары бар. Кәсіпкерлерге де тиімді, уақытқа да, шығынға да біршама үнем. Сонда, техникалық бақылау кімге пайда әкеліп жатыр? Әрине, бұл істі табыс көзіне айналдырған кәсіпкерлер мен жол бойында тұрып көлік иелерін себепсіз тоқтатудан жалықпайтын жол сақшылары үшін ғана пайдалы. Шет мемлекеттерде мұндай жүйе алынып тасталған.Себебі бірнеше жыл қатарынан жүргізілген сараптамалық зерттеулер жол-көлік оқиғаларының көліктердің техникалық ақауларынан болмайтынын дәлелдеген. Мысалы, Грузияда «көліктерді техникалық бақылаудан өткізу» деген талап тұрмақ, мұндай ұғым да жоқ екен. Статистикалық мәліметтерге сенсек, елімізде биылдың өзінде 142 адам жол-көлік оқиғасынан қаза болған. Ал 1500-ге жуық азамат әртүрлі деңгейде жарақат алған. Бірақ ешбір көлік соқтығысы көліктің техникалық ақауының салдарынан орын алмапты. Мамандардың айтуынша, жол апаттарының 90 пайызы жылдамдықты шамадан тыс асырғаннан және ішімдік ішіп көлік құралын басқарғаннан болады.

Алайда техникалық бақылау орталығының мамандары «Жол полиция комитеті мамандарының мұндай бастама көтеруіне, техникалық бақылаудан өткізу құзіретін өздерінен алып қойып, жекеменшікке беру себеп болып отыр» - дейді.

Евгений ГОРБАЧЕВ, «Интермотосервис» ЖШС техникалық тексеру орталығының директоры:

– Ішкі істер министрлігіне қарасты Жол полициясы комитеті мамандарының техникалық бақылауға қатысты айтқан мәлімдемесін естігем. Сонда бірден мынадай ой келді: «жол полициясы мұндай мәселені неліктен енді көтеріп отыр? Бұрыннан бері қайда қалған?» Мәселе неде? Мәселе – ақша мен пайдада. Көліктерді техникалық бақылаудан өткізу Ішкі істер органдарының құзыретінде болғанда, полицей мырзалар тып-тыныш жұмыстарын істеп жүрді, тіпті, керісінше, бұл тексерістің пайдасы жайлы насихаттап, қатаң қадағалап кеткендеріне де куә болдық. Енді бұл тексеріс жекеменшік орталықтардың қолына тиіп еді, бірден пайдасыз болып қалып па? Қазақстанның қай саласын алып қарасаң да, күнделікті жаңа реформаны енгізе беретін атқамінерлердің еліктеушілігіне қайран қаламын. Жақында Қырғызстан көліктердің техникалық бақылауынан бас тартты деп біздің тарап та қалысар емес. Мысалы, «жол апаттарының себептері көліктердің техникалық жағдайымен байланысты емес» дейді. Тіпті 1%-ға да жетпейді деп асыра сілтейтіндер бар. Оған кім сараптама жүргізіпті? Ешқандай статистикалық нақты мәлімет жоқ, мен бұған толық сенімдімін. Техникалық тексеріс орталығын басқарып отырғандықтан, алдыма күніне қаншама көлік иесі келеді. Олардың басым бөлігі «бірінші рет тексерістен өтіп тұрмын, бұрын-соңды полицейлерге ақша беріп, мөр соқтырып, куәлігімізді оңай-ақ алатынбыз» деп мойындап жатады.

Әрине, техникалық бақылау орталығы мамандарын түсінуге болады. Өйткені, олар орталық ашу үшін қыруар қаржы шығындады. Сондай-ақ, бүгінгі таңдағы күнделікті нәпақасын тауып отырған кәсібі.

Десе де шындықты мойындауымыз керек. Бұған дейін де, бүгінгі таңда да көліктердің басым көпшілігі техникалық байқаудан ақша беріп өтетіні жасырын емес. Барлық орталықтарда да солай. Өйткені, егер техникалық бақылау орталығыңыз болып, сіз бәрін де заң аясында жасаймын десеңіз, ондай орталыққа ешкім бармайды. Көлік иесі басқа орталыққа барып, көлігін техникалық бақылаудан оп-оңай өткізіп жүре береді. Ал сіз банкротқа ұшырайсыз. Сосын, жеп отырған наныңыздан айырылмау үшін сіз де еріксіз сондай қадамға барасыз. Сондықтан бұл жерде техникалық бақылау орталықтарын бір жақты айыптау да жөн болмас.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста