Қаржылық мониторинг агенттігі жалған ақшалардың көбеюіне байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Halyq Uni.kz-ке сілтеме жасап.
ҚМА жалған ақша купюраларын анықтау фактілері жиілеп кеткенін айта отырып, азаматтарды сақ болуға және қырағылық танытуға шақырады.
Сондай-ақ қаражатты тек қана арнайы айырбастау пункттерінде немесе екінші деңгейлі банктердің бөлімшелерінде айырбастауға кеңес береді.
Жалған купюраны анықтау фактісі болған жағдайда Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе полиция департаментіне хабарлау қажет.
Бұған қоса, ведомство өкілдері жалған купюраны пайдалану, төлеуге тырысу қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын ескертті.