Сап-сау келіншекті күштеп, наркологиялық орталыққа жатқызғандар кімдер

Сап-сау келіншекті күштеп, наркологиялық орталыққа жатқызғандар кімдер

Алматы облысында сап-сау келіншекті бейтаныс адамдар үйінен күштеп алып шығып, наркологиялық орталыққа апарып тастаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Информбюро"-ға сілтеме жасап.

Ештеңе түсінбеген Диана Сабазова ол жерде қарсылығыма қарамай бірнеше екпе егіп тастады дейді. Екі күн бойы дәрілердің кесірінен есін жия алмай жатқан әйел ақ халаттылардың мұндай әрекетін түсінбей дал. Тіпті не болғанын әлі күнге дейін ешкім ашық айтпады деп отыр.  

 

Мына кадрларды көрген сайын Диана Сабазова өзін қоярға жер таппайды. Себебі, бұрын экшн кинолардан ғана көретін көрініс көз алдымнан өтті дейді. Пәтерінің есігін қаққан екі азамат есірткі пайдаланғаныңызды тексеру мақсатында нашақорлық орталығына жүріңіз деп күштей жөнелді дейді. Үйінде жалғы өзі болғандықтан, сырттан көмек келер деген үмітпен аулаға шығып мән-жайды түсінуге тырысыпты. Бірақ, еңгезердей екі жігіт тілге келмей көтеріп алып көліктеріне бірақ кіргізді деп отыр.

 

ДИАНА САБАЗОВА, Талғар ауданының тұрғыны:

 

– Ұстап алды да екеуі мені машинаға тықты да қолы-басымды бұрап-бұрап кіргізіп алды да, алып кетті. Машинаның есігін жауып алды. Содан кейін мен мені өлтіруге алып бара жатыр деп ойладым шынымды айтсам. Қайда апарасыңдар, соткамды беріңдер десем, бермейді.

 

Талғардан шыққан көлік бірден Мақатаев көшесінің бойында орналасқан нашақорлық орталғына жеткен. Екінші қабатқа апарып, медбикелер киімімді ауыстыруды талап етті дейді. Айтқанымызды тыңдамасаң, күш қолданамыз дегендер ақыры дегеніне жетіп, артынша бірнеше дәріні салып тастады деп отыр. Осылайша бір тәуліктің ішінде не болғанын түсінбеген Диана түнді сол жерде өткізген. Ал таңертең медбикелер екпелерін алып тағы келгенін айтады. Бірақ, сыртында мүлде басқа адамның аты жазылған дейді.

 

ДИАНА САБАЗОВА, Талғар ауданының тұрғыны:

 

– А это система не моя деп айттым. Здесь не моя фамилия деп айттым. Сөйтсем, ол айтты Диана самое главное я знаю что тебя зовут Диана, ты лежиж анонимном отделе, поэтому я могу тебя записать хоть Назарбаева хоть как хочешь могу записать 06:43 Основе заявление біз кез келген адамды жатқызамыз егер жақын туысқанынан заявление арыз түссе біз жатқызамыз деп айтты.

 

Ал Диананың қарбаласта құрбысына "полицияға хабарлас" деп жіберген хабарламасы латын әріптермен жазылып кеткен екен. Күні бойы ешқандай сұрағына жауап болмаған соң, бірден оны пернетақтадан теріп сөзді түсінуге тырысқан. Сол кезде Диананың көмек сұраанын біліп, бірден жақындарына жазған. Осыдан кейін анам келіп шығарып алды дейді. Әбден зәбір көрген Диана Сабазова ешқандай нашақорлық, ақыл-есінің ауытқуы бойынша есепте жоғын айтады. Сондықтан дәрігерлердің мұны неге жасағанын білмей дал. Ал, орталықтың мамандары бұл туралы қандай да бір түсінік беруден бас тартып, медициналық құпия деді. Тек, заң бойынша ғана әрекет еттік деп отыр. 

 

ГҮЛМИРА ӘБДІБАЕВА, Алматы қалалық психикалық сауықтыру орталығы директорының орынбасары:

 

– Бүгінгі күнде денсаулық сақтау жүйесінің және халықтың денсаулығы жайлы кодекстің 273-тармағына сәйкес бізде барлық науқастардың персоналдық данныйлары дәрігерлік құпияға жатады. Сондықтан мұндай информацияны мен сізге қазір бере алмаймын.

 

Қазір қарсыласқан келіншектің қолында екпенің бірнеше ізі көгеріп айқын көрініп тұр. Күштеп ұстаған орталықтан шыққан бойда бірден полицияға арыз түсіріп, сараптамаға жүгінген. Алайда, мені үйімнен күштеп алып кеткендерді адам ұрлау бабы бойынша емес, үйіне ену бабымен қозғады дейді. Ал, күні бүгін сараптамаға берілген биоматериал жоқ деп жауап алған. Қайта тапсырдым, бірақ адам ағзасында төрт күн ғана сақталатын препараттың күші кетіп қалуы да мүмкін дейді. Сап-сау адамды нашақорлық орталығына апарып жатқызғандардың ісін түсіне алар емес. Енді іс әділ тергеліп, кім болса да кінәлілер жазасын алсын деп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста