Қартаймаймын десең, күле біл

Қартаймаймын десең, күле біл

 

Күнделікті өмірде күле отырып, сол күлкі арқылы денсаулығымыз жақсарып, тіпті өміріміздің де ұзарып жатқанын аңғармаймыз. Біз күлкіні тек адам көңіл күйінің сыртқы бейнесі ретінде ғана білеміз. Ал шын мәнінде күлкі – таптырмас ем. Сырқаттардың мінез-құлқы мен көңіл-күйін зерттеген ғалымдар мен дәрігерлер де күлкінің адам денсаулығы үшін ерекше ем-дәру екенін анықтап отыр.

Мәселен, адам күлген кезде ең алдымен адам бетіндегі ет талшықтары демалады. Сондай-ақ осы мақсатта арнайы тәжірибе жасаған ғалымдар күлкі адам миының сол жақ жартысының жұмысын жақсартады деген тұжырымға келген. Күлген кездегі биохимиялық процестер адамдарды күйзеліске түсіретін гормондардың пайда болуына жол бермейді екен. Мамандар ауырып отырып күлген кезде ауырған жеріңнің білінбей қалатыны жайында да ғылыми тәжірибе жүргізіпті. Қатты күлгенде қанда эпдорфин пайда болып, ауырған жеріңнің сыздағанын басып тастайды екен. Сондай-ақ эпдорфин адамды ентікпеден сақтап, бастың сақинасы мен жауырын құрысуын әлсіретіп, көңіл күйге байланысты аурулардың алдын алуға біршама септігін тигізетін көрінеді.

Тағы бір айта кетер жайт, бес минуттық риясыз күлкі қырық минуттық жақсы демалыспен тең. Күлкінің пайдасын зерттеген югослав ғалымдары осындай ұйғарымға келіпті. Шын күлген сәтте қан тамыры кеңейіп, көзден жас та шығып, шаршағаның басылып қалады. Өйткені күлкі бетке массаж жасап, тынысты кеңейтеді. Ал психолог ғалымдардың айтуы бойынша, күлкі адамның өмірін ұзартып қана қоймай, жүрек ауруына қарсы емдік шипасы да бар екен. Яғни өмірде көп күлетін адамдарға қарағанда мүлдем күлмейтін адамдарда жүрек ауруына шалдығу қаупі екі есе көп болатыны анықталған.

Сандуғаш РАҚЫМҚЫЗЫ, психолог:
– Адамның ақыл-ойы мен ішкі сезімі, рухани жан дүниесі өзара байланыста болғандықтан, олардың бірі өз міндетін дұрыс атқара алмаса (адам ойы бұзылса, ішкі сезімі бұзылса, көңілге алаңдаушылық, торығу енсе), оның денсаулығына зияны тиеді. Көңіл күй адамның жан дүниесімен тығыз қарым-қатынаста. Бақытсыздық туралы көп ойлаған адам бақытсыздыққа тап болса, сырқат туралы көп ойлаған адамға түрлі ауру үйір келеді. Сондай-ақ қайғы-мұң адамды ерте қартайтады, түрлі ауруларға ұшыратады. Сондықтан әрқашан күліп жүріп, жаман ойлардан сананы таза ұстаған жөн. Аздап қана жымисаңыз болғаны, миға «өмір тамаша» деген рефлекстік дабыл жетеді. Мұны жүйке жүйесі ішкі ағзаларға, қалқанша безіне сездіруінің әсерінен жан-тән жайланады.

Кезінде бір ғұлама «адамның қалай күлгеніне қарап – әдептілігін, неге күлгеніне қарап оның ақыл-өрісін танимын» деген екен. Яғни адамның күлкісі оның болмысымен тығыз байланыста. Сондықтан реті келсе әрбір нәрсені көтеріңкі көңіл күймен бастап, күле жүрсеңіз, басқаларға жағымды әсер қалдырып қана қоймай, денсаулықты да жақсартуға болады.

Осы орайда өмірден түңілген адамдардың психолог-ғалымдардың алдына барып, бір-екі сеанстан соң өмірге деген көзқарасының өзгеріп шыға келуінен де мысал келтіруге болады. Психологтардың күйзеліспен келген адамдарға ең жиі айтатын сөздері – «кешірімді болыңыз, аз сөйлеңіз, жымиыңыз, айналаңызға күле қараңыз» деген секілді ақыл-кеңестер. Шын мәнінде психологтың алдына бармай-ақ, бұл – өз қолыңызда тұрған нәрсе.

Адамдар көп ауруды да ниетіне, көңіл күйіне байланысты табады екен. Яғни бақытсыздық, ауру, кедейшілік адамдардың мінез-құлқының жақсы-жамандығына, ой-өрісінің биік-таяздығына, таным-түсінігінің тар-кеңдігіне, ерік күшінің мықты-әлсіздігіне, рухани жан дүниесінің бай-жұтаңдығына да тығыз байланысты. Қызғанышқа бой алдырған адам ауруға жиі шалдықса, неғұрлым көп күліп жүретін адамның ішкі ағзасы мықты болатыны – осының дәлелі. Бұл – дәрігер, психолог, ғалымдардың ғылыми зерттеулерге негізделген пайымдаулары.
Ал қуанышты көңіл күй мен күлкі – адам жанының шипасы.

Клара ШАЛАБАЕВА, медицина ғылымының докторы, профессор:
– Әсіресе дәрігерлердің науқаспен күле сөйлесуінің маңызы зор. Сондықтан күнделікті жұмыс барысында науқастармен күліп сөйлесуге тырысамыз. Ауруын уайымдап, беймаза күйге түсіп келген науқаспен жымиып отырып сөйлессеңіз, оның көңіл күйін де жайландырып, қуаныш сыйлауға болады. Көңіл күйдің денсаулықпен тығыз қарым-қатынаста екенімен толық келісемін. Дәрігер болып келе жатқан ғұмырымда неғұрлым уайымшыл адамдардың ауруға жиі шалдығатынының куәсі болғанмын. Гректерде «жеңіске жеткен адамның жарасы тез жазылады» деген нақыл сөз бар. Жеңіске жеткен адам қуанады, яғни осы сәтте адам ағзасындағы қуаныш гормондары жарақаттың тез жазылуына оң әсер етеді. Сондықтан да көтеріңкі көңіл күй мен қуаныш, күлкінің адам ағзасына әсері зор.

Адамдардың жас кезінде әдемі қалпын сақтап тұруы да осы күлкінің әсері екен. Күлкісі әдемі адамның ішкі жан дүниесі де әрқашан әдемі болады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, жасөспірімдер күніне 400 рет жымиып, 150 рет күлсе, ересектер орташа бағаммен айтқанда, күніне 15 рет жымиып, 15 рет күледі екен. Адам неғұрлым ересек тартқан сайын оның күлкісінің азая беретініне қоса есею процесінің де жылдам жүретіні осыдан. Мысалы, шыр етіп дүние есігін ашқан жас нәресте анасын көрсе жымияды, ойыншық көрсе жымияды, әйтеуір жымиюы көп-ақ. Ал өсе келе, әлгі жымию процесі біраз бәсеңдейді. Не үшін? Себебі өскен сайын адамның проблемасы көбейеді. Сол күйбең тіршіліктің ағысымен күлкіміздің де азайып, денсаулығымыздың да әлсіреп бара жатқанын байқамаймыз. Демек, күлкі – адам үшін өте қажет, күлкісіз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан әр адам кез келген өмір сәтінде күлкісімен басқа адамды да мейірім мен сыйластыққа шақырып қана қоймай, күлкі арқылы өзінің де өмірін ұзартуына мүмкіншілігі бар. Сондықтан әрқашан күле жүргеннің пайдасы көп екенін естен шығармаған жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста