Назарбаев Университетінің ректоры атақты блогерді сотқа бермек

Назарбаев Университетінің ректоры атақты блогерді сотқа бермек

Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу блогер Денис Кривошеевті «мінсіз беделге ие емес» университет пен Назарбаев зияткерлік мектептері институттары туралы ой қозғағаны үшін сотқа бермекші, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

Блогердің пайымдауынша, оқу орындарын ұстау мен дамытуға миллиардтаған теңге бөлудің қажеті жоқ.

 

«Өзіңіз бағалаңыз, 2009-2022 жылдары Назарбаев Университеті мен НЗМ-ді қаржыландыруға республикалық бюджеттен 800 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы, атап айтқанда, мектепке 12,4 млрд теңге, университетке 2,8 млрд теңге түсті. Үлкен ақша. Ал сіз мұндай қаржыландырумен мекемелердің беделі мінсіз болады деп күтесіз. Сонымен қатар, олардың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының үкіметі болып табылады» деп жазды Кривошеев өз парақшасында.

 

Оның үстіне ол ректорды биліктің артында университетті басқарады деген хатшысы Әсемгүл Қаленовамен «дедовщина» жасады деп айыптады.

 

«Ал Каленованың өзі кеше ғана қыздармен бөлме жалдап, қалалық автобуста жүрсе де, бүгін БАӘ, Түркиядағы жылжымайтын мүліктің және Астанадағы пәтердің иесі болып отыр» деп жазды Кривошеев.

 

Сондай-ақ, ол білім ошағындағы улы атмосфераны, ұжымның бытыраңқылығын, білікті кадрлардың сыртқа ағылып жатқанын айтады.

 

Мекеме блогерге сот арқылы жауап берді. Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі соңғы кездері университет туралы жалған ақпарат жариялау фактілері жиілеп кеткенін айтады.

 

«Осыған байланысты Назарбаев Университеті қасақана жалған ақпарат тараған жағдайда өзінің беделін, сондай-ақ өз қызметкерлерінің ар-намысы мен абыройын қорғауға дайын екенін хабарлайды. Университет жала жабуды қамтитын ақпаратты таратуға бағытталған кез келген әрекеттерге байланысты сотқа шағымдануға құқылы» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста