Мұны көру үшін шетелден туристер келеді. Алматыдан 45 шақырым жерде не бар?

Мұны көру үшін шетелден туристер келеді. Алматыдан 45 шақырым жерде не бар?

Алматыдан 45 шақырым жерде жыл сайын мамырда алматылықтар мен туристер баратын жер бар. Мұнда модельдер мен блогерлер фотосессия жасайды. Ал әлеуметтік желілердегі "гүлдер алқабы" хэштегімен белгіленіп салынған фотолар бұл күндері кеңінен танымал болып жатыр. Бұл жерге Tengrinews.kz сайтының фототілшісі де барып, ғажайып сұлулықты суретке түсіріп келген еді.

 
Көлікпен гүлдер алқабына жетуге бір сағаттай уақыт кетеді.

Ол Алматы – Қорғас бағытының бойында орналасқан.

Фототілшіміз алқапқа барған уақытта ауа райы ашық, 25 градус болған.

Бір сағат бойы егістік маңында ондаған адам жүрген.

Біреулер өтіп бара жатып бес минутқа тоқтаған.

Біреулер мұндай ерекше сұлулықты тамашалау үшін қаладан әдейі келген.

Көптеген алматылық үшін мұндай фотосессия дәстүрге айналып барады.

Бірақ мұндай жерге фотоға түсуге алғаш рет келгендер де бар.

Олар телефондарға, планшеттерге суретке түседі, арнайы кәсіби құрал-жабдықтарын әкелгендер де аз емес.

Алматының әсем жерлерінің арасында танымалдығы бойынша бұл жер алғашқы ондыққа кіреді. Ол жерге барсаңыз өкінбейсіз.

Гүлдер алқабына бала-шағасымен келгендер де бар.

Гүлдер алқабы мамырдың бірінші аптасынан бастап гүлдейді.

Орташа алғанда, екі апта ішінде көріп үлгеруге болады.

Демек, келесі аптада қазақстандықтар әдемі суретке түсіп үлгеруі тиіс.

Фототілшіміз керемет романтикалық көріністі кездейсоқ түсіріп алды.

Жас жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасады.

Қыздың реакциясына қарағанда, ол мұндай тосынсыйды күтпеген және қатты риза болғаны байқалып тұр.

Гүлдер алқабына келгендердің ішінде қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де болды.

Онда Оңтүстік Кореядан келген бір топ туристтер барған екен.

Олар жабдықтарын алып, бұл сапарға мұқият дайындалған.

Қонақтар көре салысымен эмоцияларын жасырмады.

Туристердің айтуынша, олар әлемді аралап, Қазақстанға баруды жөн санаған.

Олар жергілікті табиғат пен жергілікті сұлулыққа тәнті.

Бір мезетте жаңбыр басталған. Алайда бұл көптен фотосессия жасауды жоспарлағандарға кедергі келтірмеді.

Гүлдер алқабын бірнеше жерден табуға болады.

Мәселен, тағы бір осындай жер Алматы-Қапшағай тасжолының бойында, Байсерке ауылына жетпей орналасқан.

Қарапайым күнделікті өмірде сұлулықты көру мен жағымды эмоциялар алу өте оңай!

Ал сіз онда бардыңыз ба?

Фото: Әлихан Сариев. Мәтінін жазған: Анастасия Солнцева 


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста