Күйеуінің жыныс мүшесі кішкентайлығына шағымданып ажырасатындар да бар - Заңгер
Заңгер Қадыржан Ғалымжанұлы бүгінде халықтың сотқа қандай себептермен жиі жүгініп жүргенін әңгімелей келе, олардың арасында өзін таңғалдырған оқиғалар болғанына да тоқталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда ажырасу дерегі азаймай тұрған көрінеді. Бұл туралы заңгер ха Caravan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
Айтуынша, оның қызметіне көбіне ажырасу, алимент, мүлік бөлісу мәселелері бойынша жүгінеді.
"Ажырасудың түрлі себептері болады", - дейді заңгер.
Дегенімен, арасында не күлеріңді не жыларыңды білмейтін жайттар да ұшырасады екен.
"Мәселен, әйелі күйеуінің жыныстық мүшесі кішкентай болғандықтан, төсекте қанағаттанбай жүргенін айтып ажырасқан. Жалпы, ажырасу туралы процесстер ұзақ болмайды. Әйелі ажырасуға арыз жазды. Сонымен, сот процесінде себебін сұрағанда осыны айтты. "Өзімді моралдық тұрғыдан қинағым келмейді. Күйеуім бола тұра, оның көзіне шөп сала алмаймын. Ажырасып, төсек рахатын сезінгім келеді деп айтты", - дейді заңгер Қадыржан Ғалымжанұлы.
Заңгер ажырасуға арыз берген әйел Алматы тұрғыны болғанын және істің ақыры ажырасумен аяқталғанын жеткізді.
Айта өтейік, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде ажырасу саны 9 мыңды құрады. Тіркелген ажырасулар саны бойынша көш басында Алматы (1,2 мың), Алматы (1 мың) және Қарағанды (937) облыстары тұр. Ең аз ажырасу Қызылорда облысында тіркелген, саны 201.