«Көзіме шөп салдың»: Шуда ер адам әйелін аяусыз ұрған

Шу қаласында күйеуінен зардап шеккен әйел полицияға шағымданудан қорқады. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайын Дина Таңсәріге әйелдің туыстары жазып жіберген. Олардың сөзінше, әпкелері жылдар бойы нашақор күйеуінен зорлық-зомбылық көріп отыр.

 

«Біраз уақыт бойы ол әйеліне қоқан-лоққы көрсетіп, оны үнемі үрейде ұстады. Балаларының көзінше аямай жиі соққыға жығатын. Сондай-ақ ол әйелі адал бола тұра оған «көзіңе шөп салдым» деп мәжбүрлеп мойындатқызатын. Оны аудиоға жазып, зардап шегушінің таныстары мен туыстарына таратқан», - делінген хабарламада.

 

Күйеуі соңғы рет екі күн қатарынан қол көтерген кезде әйелінің қабырғалары мен бір қолы сынған. Басының бес жерін тігуге тура келіпті. Денесінде көгермеген жері жоқ.

 

«Нақты не болғаны оның есінде жоқ. Балалардың қорқып, екінші күні үйден қашып шығып, көмек сұрауының арқасында тірі қалды. Ұзақ уақыт бойы күйеуінен қорлық көріп жүрген әйел қорыққандықтан шағым жазудан бас тартқан. Әлі күнге дейін шағымданған емес. Осы мәселеге қоғам көңіл бөліп, Шу қаласының прокуратурасы қылмыстық іс қозғағанын қалаймыз. Нашақор күйеуі балаларымен қорқытады», - делінген хабарламада.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста