Желіде екі ер адамның жеделсатыда сүйісіп тұрған видеосы пайда болды. Кейбір қолданушылар видео кейіпкерлерін таныдық деп мәлімдеп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Telegram-арналарында олардың ҚР Энергетика министрлігінің қызметкерлері екені туралы ақпарат пайда болды.
Ведомствоның баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Таратылған видеодағы адамдар Энергетика министрлігінің қызметкерлері емес. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Мән-жайды анықтау үшін департамент тиісті органдарға хабарласады» деп мәлімдеді ведомство.
Еске салсақ, әлеуметтік желіде Қазақстанның елордасы Астананың түнгі клубтарының бірінде екі ер адамның сүйісіп тұрған видеосы тарады. Кейбір желі қолданушылары олардың Қазақстан энергетика министрлігінің қызметкерлері екенін жазған болатын.