Джиппен мал қайырған қазақтарға ресейліктер таңғалды
Бір табын сиырды джиппен айдаған тұрғын ресейліктерді таң қалдырды, деп хабарлайды Экспресс К.
Желіде еліміздің солтүстік облыстарының бірінде тас жолдан өтіп бара жатқан малды автокөлікпен айдап жүрген адамның бейнежазбасы жария болды. Оған Ресей азаматы көлікпен өтіп бара жатып куә болған.
Сиырды джиппен бағып жүрген қазақ осы болады. Өмір деп осыны айт. Малды баққан соң осылай бағу керек. Біз қазақ дейміз... Ал қазақтар, міне, қалай жүр?
— дейді бейнежазба авторы.
Кең таралған бейнежазбаға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, малшының әрекетіне қызығушылық танытқан.
Оқи отырыңыздар:
"Қазақстан аруы" байқауына қатысты шу шықты
Ғылым жолында жүрген жастарды қаржыландыру көлемі артады
"Мал бақсаң кем болмайсың", "Өмірді осылай сүру керек", "Өзгелер бізге тамсанып жүр", "Па, шіркін! Қазағым!" деген сынайда түрлі пікір жазылған.
Бұл жағдайдың нақты қай өңірде болғаны әзірге белгісіз.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.