Депутат Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жою тәртібін түсіндірді

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп танылады. Мұндай шешімді Парламент таяу уақытта палаталардың бірлескен отырысында қабылдайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылғы 11 қаңтарда ҚР Парламенті мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов атап өткендей, 2022 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісіне "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" ҚР Конституциялық заңының жобасы келіп түскен.

 

Арман Қожахметов, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты:

 

 – Бұл мәселе Парламент палаталарының – Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында қаралады. Мүмкін осы аптада, мүмкін келесі аптада болар. Шешімін талап ететін процедуралық мәселелер бар.

 

Оның айтуынша, заң жобасы бойынша Конституциялық соттан түсініктемелер келіп түскен. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Конституциялық заңның күшін жою туралы заң екі оқылымда қабылданып, Мәжілістің де, Сенаттың да депутаттары дауыс береді.

 

Сондай-ақ депутат "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" Конституциялық заң 2000 жылы қабылданғанын еске салды.

 

11 қаңтар күні Конституциялық сот Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды деп тану туралы шешім шығарды.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста