"Дәу ма, не?" Көшеде жалаңаш жүрген қазақ жігіттері елдің ашуын туғызды
Тапа-тал түсте көшеде іш киіммен жүрген жігіттер тұрғындардың ашуын келтірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
TikTok-та жария болған видеода елден ерекшеленгісі келген екі жігіттің киімдерін қолдарына ұстап жүргенін көруге болады.
Әдепсіздерді әлдебір екі жігіт тоқтатып алып, дереу киінуін талап етіп, айқайлап ұрысады.
Намыстарың жоқ па, не? Дәу ма, не? Ки киіміңді. Сен де не қарап тұрсың? Киін!", деп екеуіне жекіп ұрысады қазақ жігіті.
Бейнежазбада былапыт сөздердің бар екенін ескертеміз!
Ал әлгілердің нақты қандай себеппен шешінгені белгісіз. Желі қолданушыларының жазбасына сүйенсек, видео Таразда түсірілген. Тәртіпсіздерді тәубесіне келтірген жігіттің әрекетіне көпшілік ризашылық білдіріп жатыр.
"Жарайсың, нағыз азамат осындай болуы керек", "Намысты қазақ жігіттері, алға", "Міне, еркек!", "Ұруың керек еді", "Бұрын шешіндіргендер қазір киіндіретін болыпты", "Мына інімнің қолына Амилай түспей жүр екен", "Бәріміз осындай намысты болайықшы" — деп жазды көпшілік.