Божко 7 жылға сотталуы мүмкін...

Божко 7 жылға сотталуы мүмкін...

Қостанай облысы, Рудный қаласының тұрғыны Кирилл Божко ұлттық араздық тудыратын мәлімдемесі үшін заң алдында жауап береді. Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаменті хабарлады. 

«kznews.kz» сайтының хабарлауынша, бүгінде қостанайлық полицейлер облыс тұрғынына қатысты тергеу амалдарын бастаған.

«Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында полицейлер «YouTube» арнасынан аталмыш видеоны анықтап, шұғыл тексеріс жүргізді. Қазір күдіктінің тұлғасы анықталып, тергеу шаралары басталды. Күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деп мәлімдеді Қостанай облысының полиция департаменті.

Божко атышулы видеожазбасында «қазақ тілін &ndash маймылдардың тілі, қазақтар &ndash маймылдар» деп атаған болатын. Кейін мас болғанын айтып, халықтан кешірім сұрады.

Бірақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 174-ші бабында әлеуметтік, ұлттық, рулық, діни араздықты қоздырғандарды жауапқа тарту көзделген. Онда «азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiне» қол сұғуға болмайтыны анық жазылған. Егер адам қандайда бір араздықты қоздыру үшін әрекет етсе, не болмаса сол әрекетке шақырса, онда ол аталған бап бойынша жауапқа тартылады. Заңда солай жазылған.

Осы бапқа сүйенсек, тұтас ұлтты кемсітіп, ұлтаралық алауыздықты қоздырғандар үшін кешірім сұрау жеткіліксіз. Сол үшін Божко секілділер заң бойынша жауапқа тартылғаны жөн-ақ...

Abai.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста