Баклажанды қазақша “жертатақ” деп аударғандар елдің ашуын туғызды
Баклажанды қазақша жертатақ деп аударғандар ғаламторда қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Кафеде болған жағдайға бірі күлсе, енді бірі ашуланған.
Көптің қызу талқысына түскен бейнежабаны әзілкеш Марат Оралғазин өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда кафедегі клиенттердің бірі ас мәзірін оқып отырғанын көруге болады.
Мәзірде баклажанның қазақшасы жертатақ деп жазылған. Құлаққа түрпідей тиетін аударманы бейнежазба авторы сынап тастады.
Жертатағы несі?! Бұлай аударуға болмайды ғой. Басқаша сөз таппады ма? — дейді бейнежазбадағы әйел.
Видео еліміздің қай өңірінде және қашан түсірілгені әзірге белгісіз.
Ал желі қолданушылары біртүрлі аудармаға қатысты түрлі пікір жазып жатыр.