Атышулы блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа шығуы мүмкін
Мекемеде емделіп шықтым, тәуелділік жоқ. Ішуді қойдым.
Осы жылы сәуір айында 4 жыл 6 айға сотталған блогер, әнші Мұрат Әбділдә темір тордың арғы жағынан өзіне қатысты жаңалықтарды жеткізді.
Атышулы блогер, желі жұлдызы, әнші Мұрат Әбділдә «Түркістан» телеарнасына сұхбат берді.
Ол өзінің түрмедегі өмірі туралы айтып, арақ ішуді қойғанын мәлімдеді.
"Мекемеде емделіп шықтым, тәуелділік жоқ. Ішуді қойдым. Былтыр үйленген едім. Бірақ ешқандай беташар да істеген жоқпын. Кім екені жұмбақ болып қалсын. Ал түрмеден шыққаннан кейін өнер жолына қайта оралуды жоспарлап отырмын", – деді Мұрат Әбділдә.
Оның айтуынша, егер ол абақтыда тәртіп бұзбай, рақымшылыққа ілінсе, 2023 жылғы қыркүйекте түрмеден шығуы мүмкін.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу