Атыраудағы «Шаңырақ» балалар ауылында тәрбиеленушілердің құқығы шектелген

Атыраудағы «Шаңырақ» балалар ауылында тәрбиеленушілердің құқығы шектелген

Атырауда отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар ауылында тәрбиеленушілердің құқығы шектелген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Нұрдәулет есімді балаға қатысты видео жүктелген.

 

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, Қазақстан Президенті жанындағы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиевамен бірге отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылындағы жағдай зерделенген.

 

«Түйген ойым – соңғы кезде әлеуметтік желіде талқыланып жатқан жайттар ұжымда бұрын қызмет етіп кеткен жұмысшы мен бұрынғы басшы арасындағы келіспеушіліктің нәтижесі. Соның салдарынан балалар зардап шегіп отыр. Желіде жарияланған түрлі жазбалардан екі тарап өзін ақтап алуға тырысып жатқанын көруге болады. Баланы өзіне тартып, түрлі видео таратудың артында баланың құқығын шектеу мәселесі тұр. Мұндағы балалар – мемлекеттің ерекше қорғауындағы балалар. Сондықтан балалардың құқығын қорғауға арналған барлық шара қабылданатын болады. Оған қоса, әлеуметтік желіде тараған жайттар балалардың өздерін қатты алаңдатып, болашағына кері әсері тиетінін ойлап отырғанын байқадым», -деп хабарлады Жасұлан Бисембиев.

 

Оның айтуына қарағанда, «Шаңырақ» балалар ауылына жаңа директор тағайындалады. Қазір конкурс жарияланған.

 

«Педагогика саласында мол білімі мен тәжірибесі бар мамандарды осы конкурсқа қатысуға шақырамын. «Шаңырақ» балалар ауылындағы бейнебақылау жүйесі күшейтіледі. Қазір мұнда 64 бейнекамера бар. Бірақ қосымша камера қою қажеттілігі бар деп есептеймін. Камералар Білім басқармасына тікелей қосылатын болады. Мұнда баспасөз қызметі ашылып, балалар ауылындағы жариялылықты қамтамасыз етеді. Жуықта «Шаңырақтан» шыққан балаларды өмірге тез бейімдеуге бағытталған тәлімгерлік жобасы енгізіледі. Балаларға қатысты түрлі видеолар жариялап, ақпарат таратудың артында балалардың құқығын шектеу әрі құқықтық жауапкершілік мәселесі бар екенін атап өткім келеді», - деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.

 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балалар ауылының директоры жұмысынан шеттетілген еді.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста