Базарда сатылатын арзан ойыншық баланың көру қабілетін нашарлатып, құлағын саңырау қылады. Иіс сезу мүшелері мен баланың терісіне кері әсер етіп, тіпті кейбірі мүгедек болып қалуы да мүмкін. Бірақ қарапайым халық арзанқол тауардан баласының қаншалықты жапа шегіп жүргеніне мән бере бермейді.
Қазақстандағы ойыншық нарығы соңғы бес жылда бірнеше сатыға жоғары көтерілді дегенімізбен, қытайлық сапасыз тауарлар мен қауіпті ойыншықтар базарлар мен дүкен сөрелерінен түсер емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын қытайлар жаңа туылған нәрестелерге арналған құрғақ сүттерге улы зат – меламинді қосып, бүкіл әлемді дүрліктіргенде, Ресей мен АҚШ сынды алпауыт елдер Қытай өнімдеріне бақылауды күшейтіп, бірқатарынан бас тартты. Тіпті заң қабылдап, шекарадан ары асыртпады. Ал біздің елдің мамандары Қытайдан әкелінген сапасыз, қауіпті базардағы арзан ойыншықтардың құрамында мырыш, фенол, формальдегид сияқты улы заттардың бар екенін анықтаса да, қандай да бір шара қолданар емес. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелерге арналған сыңғырлақтардың да келешекте баланы саңырау қылатыны анықталып отыр. Зерттеулер барысында белгілі болғандай, жұмсақ резеңке ойыншықтарын сырлайтын бояу құрамында кадмий мен қорғасынның мөлшері қалыпты деңгейден әлдеқайда асып түскен. Мұндай улы ойыншықтар баланы тек қана аллергиялық ауруға ұшыратып қана қоймай, асқазан- ішек дерттеріне де ұшыратады екен.
Дарья Гайденрайх, Балалар тауарлары индустриясы қауымдастығының президенті:
– Қазақстанда бірнеше мың бүлдіршін сапасыз ойыншықтың кесірінен уланып, түрлі дертке шалдығып жатыр. Қара базардан арзан ойыншық сатып аламын деп баласы емі қымбат ауруларға душар болып жүрген ата-ана оның ойыншықтың салдарынан ауырғанын дәлелдей алмай шырылдайды. Себебі сапасыз ойыншықтың ұсақ бөлшектері сынып, баланың тамағына болмаса құлағына, мұрнына кептетіліп қалмаса, еш дәлелдей алмайсыз.
Ресми деректерге сүйенсек, елiмiздегi ойыншық нарығынан түсетiн жыл сайынғы кiрiс 600 миллион долларды құрайды. Ал сатылымдағы ойыншықтардың 80%-ы Қытайдан заңсыз жолмен әкелінген тауардан тұрса, 20%-ын ғана ірі кәсіпорындардың шеттен әкелген, сертификатталған, сапалы тауары құрайды екен. Бірақ біртіндеп Қазақстанның ойыншық нарығынан ойып тұрып өз орындарын алып келе жатқан кәсіпорындардың басшылары биыл балалардың сапалы тауарын сатумен айналысатын дүкендер желісі халықты арзанқол дүниеден арашалап, нарықтың 50-70% -ын иемденеміз деп отыр. Айтуларынша, бүгінге дейін жеткілікті назар аударылмай келе жатқан бұл салаға мемлекеттік көзқарас қажет.
Александр Бикетов, Marwin дүкендер желісінің маркетинг жөніндегі менеджері:
– Еуропада жыл сайын ойыншықтар көрмесі ұйымдастырылып, оған 20 мыңнан астам ойыншық өндіруші кәсіпорын қатысады. Мемлекет соның арасынан ең таңдаулысымен ғана келісімшарт жасасып, жұмыс істейді. Есесіне, балалар ауырмайды, қауіпсіз, ата-аналар да алаңдамайды. Енді біз Кедендік одаққа мүше ел ретінде сырттан келетін тауардың барлығынан сертификатталған, жоғары сапалы тауарды талап етуіміз керек. Әйтпесе Қытайдан әкелінген ойыншықтардың құрамындағы химиялық заттар мен сапасыз материал температура өзгерген сайын өзгеріп, бүлдіршіндердің денсаулығына зиян келтіріп жатыр. Мысалы, біздің дүкеннің тауары мен Қытайдан келген базардағы тауар сапа жағынан бәсекелес бола алмайды, ал баға жағынан бәсекелес.
А.Бикетовтің айтуынша, бұрын Қазақстанда балалардың еуропалық сапалы тауарын сататын орын да болмаған. Ал қазір баршылық. Сондықтан қазірдің өзінде шетелдік компаниялар өз өнімдерін ұсынып, отандастарымызбен серіктес болуға құлшынатын көрінеді. Соның бірі – 1932 жылы Данияда құрылған Lego компаниясы. Енді әйгілі текше пішінді балалар ойыншығы біздің елде де қолжетімді бағамен сатылып, әлемдегі соңғы үлгідегі ойыншықтар «Меломан» дүкендер желісінің жанынан былтыр ашылған Marwin дүкендер желісінің сөрелерінен табылмақ. Осылайша Қазақстандағы ойыншық нарығының ілгері жылжуына орасан зор үлес қосып жүрген кәсіпкерлеріміз тұңғыш рет балалар клубын да ойлап тапты.
Вадим Голенко, «Меломан» компаниясының бас директоры:
– Marwin-ге келген кез келген баланың сөредегі ойыншықтармен ойнауына рұқсат. Себебі біз ойыншық сатуды пайда табу көзіне емес, бүлдіршіндердің қуанышы үшін қызмет етуді бастапқыдан мақсат тұттық. Қазақстанның ойыншық нарығы халықаралық, әлемдік аренаға шықсын десек, бұл салада әрдайым тың идея мен ешкімде жоқ, ерекше жобаларды іске асыруымыз керек. Бұл тек елдің экономикасына болмаса елдің беделі үшін ғана емес, баланың дұрыс өсіп-жетілуіне де көмектесуі тиіс. Сол үшін тұңғыш болып балалар клубын ойлап таптық. Енді Marwin-ге демалыс күндері келген бүлдіршін ойын алаңдарында тегін ойнап қана қоймай, оқу-жазуды үйреніп, психолог мамандармен кездеседі. Ал ата-аналар балаларын алаңдамай-ақ мамандарға тапсырып, өздері демалып, көңіл көтере алады. Аты әлемге әйгілі Lego компаниясымен бірлесіп ашқан Shop-in-shop, яғни дүкен ішіндегі дүкен де тек бүлдіршіндердің қуанышы үшін қызмет етпек.
Осылайша қазақстандық балғындарға бір емес, бірнеше қуаныш сыйлап отырған «Меломан» компаниясы еліміздегі ойыншық нарығын әлемдік деңгейге жеткізуді көздеп отыр. Кәсіпкерлердің қарқыны осыдан таймаса, ол күннің де ауылы алыс емес сияқты. Тек сәбилердің аман-саулығына азаматтарымыз салғырт қарамаса болғаны.
Айта кетейік, елімізде тұңғыш рет Marwin (Марвин) дүкені 2012 жылдың 31 наурызында Алматы қаласындағы «Мега» орталығында ашылды. Қазіргі таңда Қазақстанның Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Қостанай және Қызылорда сынды қалаларында барлығы тоғыз дүкені бар. Жақын күндері Павлодар қаласында ашылады деп күтілуде.
Арзан ойыншық – қымбат дерт
Последние статьи автора