Ардагерлер үйі – тәрбие ордасы

Ардагерлер үйі – тәрбие ордасы

Маңғыстау облысының барлық ауылында дерлік Ардагерлер үйі бар. Ақсақалдарға арналған арнайы орын ашуға қолы жетпей отырған аз ғана елді мекендердің бірі Қарақия ауданындағы Бостан ауылы болатын. Енді, міне, Халықаралық қарттар күніне орайластырылып бұл ауылда да осындай орын ашылды. Ауыл әкімі Оңдабек  Иманмадиевтің айтуынша, Ар­дагер­лер үйі тек ақсақалдар жиналатын жер емес, сонымен қатар мұн­да ауылдың зиялы қауымы да түгелдей бас қосып, күнделікті мәсе­ле­ле­рін талқылап, жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, жөнге салып отыратын орын болмақ.
Ардагерлер үйіне бас-көз болу ауыл ақсақалы Алпамыс  Жұмалиевке жүктелді. Ол Ардагерлер үйінің болашақта бүкіл жас­тар­ға тәлім-тәрбие беретін орынға айнала­ты­нына уәде берді. Ақсақалдың айтуынша, бұл орын ұрпақтар арасындағы сабақтас­тық­ты қамтамасыз ету үшін аса қажет.
Ардагерлер үйінің ашылу салтанатына ауданның Қызылсай, Сенек, Құланды се­кіл­ді басқа елді  мекендерінің ардагерлер ұйым­дарының өкілдері қатысты. Олар жер­гілікті ақсақалдармен өз тәжірибеле­рі­мен бөлісті. Ардагерлер үйінің ішкі безенді­рілуі­нің өзі оның жұмысы қай бағытта өр­би­тінінен хабар беріп тұрғандай. Мұнда ата­лы сөздер, мақал-мәтелдер  мен  өсиет­тер жазылған,  қазақтың  билері мен  ба­тыр­­ларының суреттері ілінген.  Елімізде шығатын газет-журналдардың да түгелге дерлік тігіндісі осында бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста