«Алтын орда» базарына қатысты дау жалғасуда

«Алтын орда» базарына қатысты дау жалғасуда

Алматы облысындағы атышулы «Алтын орда» базарының басынан дау арылар емес. 20 күн бұрын әлдебір күзетшілер күш көрсетіп жатыр деп шағым айтқан сауда орнының басшылары бүгін тіпті жұмыс орнына кіре алған жоқ, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Сөйтсе, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы азық-түлік бағасына әсер ететін ең үлкен базардың иесі мен оны жалға алғандар өзара келісе алмай жүр екен. Ал зардабын қарапайым саудагерлер тартуда.

 

Басшылық арасындағы түсініспеушіліктен мезі болған олар сауданың да берекесі кеткенін айтып шағымданды.

 

20 күннен бері күзетті қолға алғандар кешелі бері "Алтын орданың" бас кеңсесі мен әкімшілік ғимараттарына ешкімді жолатар емес.

 

Мына текетіресті осындай тісініксіз жайттан мезі болған саудагерлер түсіріп алған. 4 күндік демалыстан оралған базар қызметкерлері қызу жұмысқа кірісудің орнына бүгін далада жүр.

 

БАҚЫТГҮЛ ӘБЕКЕНОВА, Кадр бөлімінің басшысы:

 

- Таңғы 5-те келіп, біздің офисымызды захват жасапты. Это рейдерский опять захват. Біз таңертең жұмысқа келіп тұрмыз 4 күн демалыстан кейін. Бізді кіргізген жоқ. Кеңсеге кіре алмадық. 2 охрана былай екі топпен қойып қойған. Заңгердің айтуы бойынша біздің жаққа көшіңіздер. Бізге жұмыс істеңіздер. Трудовой соглащенияға бізбен отырыңдар. Сіздер істей бересіздер. Қаласыздар.

 

Базардағы былық осындағы саудагерлердің де бас ауруына айналғалы қашан. Саудадан да береке кетті деген олар тәртіпті тезірек орнатуды талап етіп отыр. 

 

ӘЙГЕРІМ ТІЛЕНШИЕВА, Саудагер:

 

- Күшпен келіп жатыр дегенді естігеннен бастап әрбір арендатордың настроениелері жоқ. Морально әсер етіп жатыр. Алдымыздағы етімізді сата алмай қалдық деп отыр. Үрей бар. Бұл ашық базар болғаннан кейін бұл жердегі арендаторлар емінеркін жұмыс жасау керек. Біз неге қорлықпен, қорқынышпен жұмыс жасауымыз керек?

 

Сөйтсе, базардың иесі мен оның жалға алған тарап келісе алмай жатыр екен. Құзырлы орындарға тиісті арыз жазылған. Қарасай аудандық прокуратурасы бұл іс бойынша облыстық Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатқанын жеткізді.

 

ЖӘНІБЕК ЖАҚАЕВ, Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры:

 

- 2023 жылдың бірінші қаңтарында ЖШС «Компания номер один» мен ЖШС компания «Altyn orda new companyсы»- мен «Алтын Орда» базарына қатысты өзара жалға беру шартын жасаған. 5 шілдеде «Компания номер один» ол келісімшартты бұзып, артынша ЖШС Big city market компаниясымен келісімшартқа отырған. Қазіргі таңда базар өз жұмысын жалғастыруда. 8 шілдеде "өз бетінше өктемдік орнату" дерегі бойынша Altyn orda new company директоры Данияр Әлпиев арыз түсірді. Қазір қылмыстық кодекстің 389 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Арыз-шағымды саудагерлер де дайындауда. Тек естір құлақ пен көрер көз болса дейді олар.

 

Бітіспес дау, түсініксіз жайттардан әбден берекесі қашқан сатушылар мәселе шешілмесе наразылыққа шығуға да бел буып отыр.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста