Алматыда қоқыс полигоны пайда болды

Алматыда қоқыс полигоны пайда болды

Алматы қаласы еліміздегі ең үлкен, халық ең көп шоғырланған қала болғандықтан, сәйкесінше, күнделікті тұрмыстық қалдықтар да көп шығады. Ал қоқыс мәселесі қаладағы басты мәселенің бірі болғалы қашан. Әлі де болып қала бермек.
Қаланы қоқыстан тазарту бір мәселе болса, қала сыртында тау-тау болып үйіл­ген қоқысты залалсыздандыру тағы бір мәселе болып отыр. Осы мәселені шешу мақсатында, муниципалды бағдар­лама­лар шеңберінде, қаланың экология­лық ахуа­лын оңалту мақсатында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт салы­нып, 2007 жылдың 11 қаңтарында іске қо­сыл­ған еді. Алайда зауыт жұмысы ара­да екі жыл өтпей жатып-ақ тоқтады. Зауы­т­­тың жұмысын жалғастыруға қаржы қол­байлау болған көрінеді. Зауытты жер­гілікті бюд­жет­тен қаржыландыруы тиіс еді. Не себепті екені белгісіз, қалалық әкімдік зауыт­ты қаржыландыруды тоқтат­қан. Әри­не, мұн­дай әлеуметтік өндіріс ошағы бір­ден табыс береді деп күтілген жоқ. Маман­дардың пайымдауынша, зауыт төрт-бес жылда өз құнын ақтайды деп күтілген-ді. Ал егер қай­та өңдеу нәтижесін­де өндірілген өнім нарықта сұраныс тудыр­са, бұл мерзім үш жылға қысқаруы мүмкін еді.
Өкінішке қарай, көп ұзамай-ақ зауыт қала бас­шы­ларының да, зауыт маңында орын теп­кен «Дорожник» ықшамауданы тұрғын­дары­ның да бас ауруына айналды.   
 Есіргеп, «Дорожник» ықшам ауданының тұрғыны:
– Ит-құс та, қаңғыбастар да осында. Олар қоқыстан шығып, аулаға қайта келеді. Балаларға ауру жұқтыра ма деп қорқамыз. Сәл күн жылып, жер ерісе, қолаңса иіс сасиды. Көктем шыққанда не болары белгісіз. Балалар ойнап, от қойып жіберсе не болмақ?

Зауыт маңында қараусыз қалып, шашылып жатқан қоқыс жұқпалы індет ошағына айналуы кәдік. Тау болып үйілген қоқыстан қорегін тауып жеп жүрген ит пен құс, мысық пен тышқан, егеуқұйрық індетті таратуы әбден мүмкін. Онымен қоса, ашық аспан астында жатқан қоқыстан топырақ залалдануы ықтимал.
Бахтияр МҰХАМЕДЖАНОВ, Қалалық табиғатты қорғау прокуроры: 
– Қалдық жинақталған орынның шірігендігі және ондағы топырақтың бүлдірілгендігі анықталса, зауыт әкімшілігі қылмыстық жауапқа тартылады.

Бұл мәселеге алғаш болып алаңдаушы­лық білдірген Балхаш-Алакөл экология департаментінің мамандары екен. Эколог мамандар өткен жылдың тамыз айында мекеме басшылығына зауыт алаңында жиналған тонна-тонна қалдықты шығаруға нұсқау берген. Бірақ зауыт алаңынан бір тонна да қоқыс шығарылмаған, керісінше, қоқыс бұрынғысынан еселеніп көбейген. Қоқысқа жауапты Vtorma Ecology Co. ЖШС директоры қоқыстың қайдан көбейіп жатқанын білмейтіндігін, қоқыс шығаруға мекемеде соқыр тиын жоқ екенін айтып, ақталып бағуда.
Алматы қалалық табиғат қорғау проку­ро­рының көмекшісі Айтуар Кошмамбетов­тің айтуынша, зауыт қалдықтардың 50 пайызын қайта өңдеуге жіберіп, қалдық көлемін бес есеге азайтуы тиіс болған. Бірақ бұл жұмыс толықтай іске аспапты.
Қалалық төтенше жағдайлар департа­мен­ті мамандары да «қараусыз жатқан қоқыстан өрт шыға қалса, оның зардабы аз болмайды» деп алаңдаушылық білдіріп отыр.
Не десек те, зауыт басшылығын жауапқа тартқанмен, мәселе шешіле қоюы екіталай. Қала басшылары бұл мәселені жедел қолға алып, күрмеуін шешпесе, ертең қандай да бір төтенше  жағдай орын алуы ықтимал. Тек жау кеткен соң қылышымызды тасқа сермеп жүрмесек болғаны.

ДЕРЕК
Зауытқа екі жылда жергілікті бюджеттен 400 млн теңге бөлінген. 2010 жылы қалалақ әкімдік қоқысты қайта өңдеу зауытын қаржыландыру­ды тоқтатты. Бүгінгі таңда қалалық әкімдік кепіл болып, зауыттың банктен алынған несиелік қарызы 26 миллион евродан асып-жығылады. Зауыт жұмысы тоқтауына байланысты 300-ден аса жұмысшы ақылы демалысқа шығуға мәжбүр болып отыр. Зауыттың жұмысшылар алдындағы қарызы  50 миллион теңгеден артық. Осыған орай, зауыт басшысы үстінен қылмыстық кодекстің 148-бабы бойынша іс қозғалған. Зауыт «Барахолка» базарынан 250 метр жерде орналасқан.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста