Алматы тауларындағы көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіп арта түсті

  • 37
Алматы тауларындағы көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіп арта түсті

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі қар былтырғыдан қалың түскен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазселденқорғау» мекемесі мамандарының мәліметінше қардың көбі еріп, таулы көлдер деңгейі көтерілген. Алайда, номері 13- көлдің бетін мұз басып жатқанымен, астындағы судың қысымы артып келеді.

 

Мамандардың айтуынша, таулы көлдердің орны мен саны жыл сайын өзгеріп отыратындықтан тұрақты бақылауды талап етеді екен.

 

Мұрат Қасенов, ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшысының орынбасары:

 

- Біздің және басқа да мекемелердің мәліметінше өткен маусым мен шілде айы аптап ыстық болып тұр. «Қазгидрометтің» бізге берген ақпаратында ауа температурасы 43 градусқа дейін көтеріледі екен. Қазір нөл градустық температура 5 мың метр биікте тіркелді. Тау басындағы мұздықтар жылдап еріп, көлдердің арнасынан асып кетуі мүмкін.

 

Іле-Алатауы мен Жоңғар Алатауында жалпы саны 51 көл бар. Соның ішіндегі 13 көлдегі қауіптің алдын алу жұмыстары басталды. Таулы көлдердегі су деңгейін азайту үшін арнайы сифондар орнатылады. Мұндай технология бірнеше жыл бұрын Алатаудағы бірқатар көлге қойылған. Табиғи апаттың алдын алу жұмыстары қыркүйекке дейін жалғасады.

 

Алмас Ысқақов, ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ Алматы қ. филиалы басшысының орынбасары:

 

- Қазір 10-көлде жұмыс жасап жатыр. Полиэтилендік трубалар арқылы көлдің деңгейін түсіреміз. Енді бүгін 13-көлге шығып жатыр. Жалпы істеп жатқан адамдардың саны қазір 60-қа жуық. Біздің қала бойынша 20 гидробекеттер бар. Оның оны маусымдық, оны тұрақты бекеттер.

 

Алматыны табиғи апаттан қорғауға арналған су бөгеттері бар. Дегенмен таудың бөгеттен жоғары бөктерінде әртүрлі нысандар орналасқан. Оған қоса тауға шығып демалатын туристер де аз емес. Осыған орай қауіптен алдын-ала дабыл қағатын автоматтандырылған 8 станция орнатылған. Олар тау көліндегі жағдайды тәулік бойы бақылап отырады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 189
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 238
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста