Әлемде жоқ гильзасыз тапанша зертханада тот басып жатыр

Әлемде жоқ гильзасыз тапанша зертханада тот басып жатыр

Осыдан бірер жыл бұрын – 2005-2006 жылдары Қазақстанның, Қазақстан ғана емес бүкіл әлемнің бұқаралық ақпарат құралдары қарағандылық өнертапқыш Сәнтай Жетесовтің гильзасыз патронмен атылатын тапанша-пулеметі туралы таласа-тармаса жазысты. «ППЖ-05» – орысша «Пистолет-пулемет Жетесова», ал «05» – 2005 жылы жасалған деген белгі болатын. Арада бес-алты жыл алмасты. Қару-жарақ өндірісі мен нарығына сілкініс әкеледі деп күтілген жаңалықтың соңы естелікке ұласып барады, техника ғылымының докторы, академик Қарағандыдағы Мемлекеттік-техникалық университеттің профессоры Сәнтай Сүлейменұлы ақсақалдың тапаншасы зертханалық «ойыншық» ретінде тарихқа енетін түрі бар...
Академик С.Жетесовтің тапанша-пуле­ме­тінен бұрын гильзасыз патрон жасау жо­лындағы ізденістері ерте басталған бо­латын. Жұмысының қорытындысы ретін­де 2001 жылы 23 шілдеде Әділет минис­тр­лі­гінің зияткерлік меншік құқы жөніндегі комитетіне өтініш түсірген. Аталмыш ко­ми­тет өтінішті өздерінің жұмыс тәртібі бо­йын­ша, төрт жылдай тексеріп, қарастырған бо­­латын. Әлемнің күллі қару-жарақ та­ри­хын қо­парып, барлық жаңалықтарын тү­ген­деп, 2005 жылдың 27 шілдесінде өнер­тап­­қы­шы­мызға «Алдын ала патент» ұсы­ныпты. Қа­зір профессордың жаңалығы Қа­зақстан Рес­публикасының өнертап­қыш­тық жа­ңа­лықтарының Мемлекеттік реес­трін­де 16344 нөмірмен есепке алынып тұр. Ондағы ресми құжатта аталмыш па­трон­ның «басы сфера түрінде жасалып, іші қуыс боп келеді... Осы тех­никалық шешім па­трон жасау тех­но­ло­гия­сын жеңілдетеді» деп жазылған. Ал аталмыш патрон па­тент­телер жылдары өнер­тапқыш зертханада құ­йып шығарған оғын сынақтан өткізген. Нәтижесінде, Ма­ка­­ров тапаншасынан Ка­лаш­ников авто­ма­ты­на дейін әлгі патронды пай­далануға жа­рам­сыз боп шығыпты. Осы­лайша, «ППЖ-05» дүниеге келген бо­латын.
Гильзасыз патронның әлемдік қару-жа­рақ нарығына, өнеркәсібіне қосар басты жа­­ңалығы – оның ерте бастан қол­да­ныс­та­ғы гильзалы патрондардан арзан­ды­ғын­да. Мәселен, Калашников автома­ты­ның бір патроны, мысал үшін 100 теңге тұратын болса, оқтың жалпы құнының 60 пайызы гильзаға есептеледі екен. Яки, оқ атылып кеткен соң, гильзаны лақтырып жібересіз де, әр патронға кететін 100 теңгенің 60 тең­гесі артық шы­ғын боп саналады. Про­фес­сор ойлап тапқан гильзасыз оқ – те­мірден құйылып, сыртына мырыш не қор­ғасын жағылған үшкірлеу патрон. Өзге қа­ру оқтарынан айырмасы – артқы жа­ғы­нан ойылып, іші қуыс боп келеді. Сол қуыс­қа дәрі салынған шағын арнайы құты ор­на­ластырылады. Гильзаның қызметін осы қуыс атқарады да, оқ атылған соң, дәрісі жанып кетіп, еш қал­дық қалмайды. Ресми-бейресми мәлі­мет­тер бойынша, қазір Жер шарында оқ атыл­майтын күн болмайды екен! Осыны есепке алып, гильзасыз па­трон­ның қандай үнем әкелетіні туралы өзі­ңіз ойлай беріңіз.
Ал гильзасыз патронмен оқталатын «ППЖ-05»-те, жалпақ Жер шары ұстайтын Калашников автоматынан бастап, барша мылтықтан арзанға түседі екен. Салмағы екі келі тартатын қарапайымдау тапан­ша­ны жасау үшін 25000-30000 теңге жұм­салады екен. Осыдан төрт-бес жыл бұрын про­фессор «ППЖ-05»-ті тираждап жасауға зауыт салынса, 4,5 миллиард теңге керек­тігін айтқан болатын. Егер «ППЖ-05»-тің өзіндік құны 50000 тең­ге­ден аспаса, оны нарықта 1000 дол­лар­дан сатқан күннің өзінде бірер жылда ақ­тап шығарар еді. С.Жетесов «ППЖ-05»-тің ең алғашқы нұсқасын Елбасыға сый­ға тартыпты. Сынамадан сәтті өткен жа­ңалықтың патент туралы әңгімесінің өзі едәуір уақытқа со­зылып, ақыры, қазір біз­дің елдің көптеген өнер­тапқыштық жа­ңалықтары тәрізді соңы тым-тырыс боп қалған жайы бар. Айт­пақ­шы, сол «ППЖ-05» туралы жер-жаһан жор­нал­шы­лары жар­а­па­зандап жазып жа­тқан жыл­дары Қазақстанға автоматтың ата­сы – генерал М.Калашников та жиі ке­ліп-ке­тіп тұрды. Тіпті Калашников авто­ма­тының ал­ғашқы нұсқасы Қазақстанда – Ал­маты облысы Ақсу ауданының Матай стан­сысында жасалған деген әңгіме де жиі ай­тылып жүрді. Осының бәрінің сыр­тын­да үлкен саяси астарлы әңгімелер жат­па­сы­на кім кепіл?!
Қалай болғанда да, профессор С.Жете­сов­тің «ППЖ-05»-і, гильзасыз патроны тек жур­налистердің қаламына ғана қуаныш бол­ған сияқты. Ал қару-жарақ өндірісі ған­а емес, бейбіт тірлікте де өзгеше ойлау, өз­геше ізденістерімен ерекшеленетін Сән­тай Сүлейменұлы ақсақал сол жылдары жал­ғызтабанды рельспен жүретін трамвай, әлем­дегі күллі танктен өзгеше «Нұротанк» ой­лап тапты, қарағандылық өзге де ға­лым­дар шахталарда қолданылатын «қара жә­шік», «Жигулиден» «Рольс-ройс», бро­не­транс­портерден «Хаммер», саптыаяқ-күрешкеден қақпақпен жабылатын банка жасап шығарды. Тіпті осы жолдардың ав­торы да жылқылардың мойнына түнгі мез­гіл­де жарыққа шағылысатын жалтырауық бас жіп-ноқта кигізу керектігі туралы ұсы­ныс­тар жасаған болатын. Өкініштісі, жо­ға­рыдағы жаңалықтардың бірі еленсе, бірі елен­бей, кей ретте өзге адамдардың тегін ол­жасына айналып кетті. Өнер­тап­қыш­та­ры­мыз өгейсіп қалмау үшін өрелі шаралар ке­рек тәрізді...

Дерек-дәйек
Әскерилердің айтуынша, қазір Қазақстанда алдағы 100 жылға еркін жететін қару-жарақ қоры бар екен.
Украинаның жылдық бюджетінің 40-45 пайызы шетелден қару сатып алуға жұмсалады-мыс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста