Алдымен сотталушы, кейін абақты қызметкері зорлаған - заңгер Айман Омарова

Алдымен сотталушы, кейін абақты қызметкері зорлаған - заңгер Айман Омарова

Қазіргі уақытта Алматы облысындағы «Жауғашты» түрмесінде жазасын өтеп жатқан Амраева Наргизге мекемеде күш көрсетілген, таяққа жығылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы белгілі заңгер Айман Омарова айтып берді.

 

Айман Омаровның айтуынша Наргиз Амраева бұған дейін Алматы облысы Ұйғыр ауданының уақытша ұстау изоляторында отырғанда зорланғаны туралы арыз жазған. Ол тіпті өзін зорлаушылардың бірінен бала туған.

 

«Оны алдымен сотталушы зорлаған, әрине сондағы қызметкерлердің қатысынсыз болуы мүмкін емес. Одан кейін Бауыржан есімді қызметкер зорлаған. Осының бәрін уақтыша ұстау абақтысының бастығына барып айтқанда ол ешқандай шара қолданбаған. Арызын тиісті жерге жібермеген. Қысқасы, қазір Наргиз бала туып "Жауғашты" түрмесінде отыр»,- деді Айман Омарова.

 

Қазіргі уақытта баланың әкесі кім екені анықталыпты. Сараптама тағайындалған. Заңгер істі анықтау үшін жуырда Ұйғыр ауданының аталған уақытша ұстау абақтысына барғанын және бірқатар мәселені анықтағанын айты.

 

«Бұл мекемеде Наргизге өз арызынан бас тартқызу үшін қысым жасалған болып шықты. Нақтысы прокуратура қызметкері келіп одан Ұйғыр ауданы уақытша ұстау изоляторының қызметкерлеріне қатысты ешқандай шағым жоқ деген қолхат жаздыртқызуға тырысқан»,- деді заңгер Айман Омарова.

 

Заңгердің айтуынша бүгін оны түрмедегі өзге сотталғандар соққыға жыққан.

 

«Кеше Алматы облысы бойынша арнайы прокурорлар департаментінің бастығы Ғ.Сәрсеновке Наргизге қауіп төніп тұрғандықтан, мекемелерді аралауды өтіндім. Ол маған бірден прокурорлардың бірін жіберемін деп уәде берді. Алайда ештеңе істемеді»,- деді Айман Омарова.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста