30 жыл өткен соң зиратты қирата беруге болады екен...

30 жыл өткен соң зиратты қирата беруге болады екен...

Қазақстанның қай түкпіріндегі ауылдарды алып қарасаңыз да, арғы дүниеге аттанғандарды жерлейтін зираттың ауылдан шалғай шетте қоныс тепкенін байқайсыз. Ақсақалдар аруақтарға құрметпен қарауды бала жастан құлаққа құйып өсіретіні тағы бар. Зират жаққа қарап қол шошайтпауды, қасынан өткенде бет сипауды да ескерте жүреді. Қанша дегенмен қала ауыл емес.
Кезінде дұрыс жоспар жасалынбағандықтан, бүгінде қаланың қақ ортасында қалып кеткен қорымдар да бар. Тіпті бүгінде сол зираттармен көрші қонған үйлер жетерлік. Рұқсат берсе, тіпті зираттың қақ ортасына да тұрғын үй соғып алудан тайынбайтындар да табылатын сықылды. Шымкенттен Ташкентке шығаберіс тұста жергілікті жұрт "Қасқа" деп атап кеткен зират бар. Қазығы қағылғанына ширек ғасырдан астам уақыт өткен қорымның дәл иек астында жапсарлай салынған үй бар. Жұрт аузындағы "аңыздарға" сенсек, түнде осы үйде жылаған баланың дауысы шығады-мыс. Үй егесі не сата алмай, не көшіп кете алмай отырған көрінеді. Дегенмен өткен жылы дәл осы үйдің жанынан хан сарайындай тағы бір үй бой көтерді. Екі қабатты сәні мен салтанаты жарасқан үй зираттың дәл түбінде. Арасы үш метрге де жетпейді. Арғы жағында бір әулиенің кішігірім кесенесі орналасқан. Ал осы Қасқа зиратының шығысында "Сәуле" атты ықшамаудан бар. Қорымды қоршаған темірмен тақастыра мұнда да қоржын там салып алғандар жетерлік. Абырой болғанда қорымның бір жағы халықаралық маңызы бар автожол да, бір жағында электр қуатын тарататын үлкен мекеме жайғасқан. Енді бір шетінде автокөлік базары орналасқан. Әйтпегенде қорымды қоршай үй салынып кетер ме еді, кім білген. Аруақтармен көрші тұратындар тек мұнда ғана емес, қаланың әр түкпірінен табуға болады. "Қайтпас-1" ықшамауданында да осы кеп. Мазараттың темір қоршауымен жапсарлас салынған үйлер мұнда да жетіп-артылады. Кезінде осы жерге салынған үйлерді көшірмек болған әкімшіліктегілер. Алайда әлі келмеді ме, жоқ басқалай себебі болды ма, әйтеуір тым-тырыс тынды. Ал Дулати көшесінің бойында репрессия құрбандарына арналған "Қасірет" мемориалы бар. Оның қасында христиан дінін ұстанатындардың зираты орналасқан. Дәл сонымен жапсарлай салынған қаладағы ең ірі "Алтын сарай" атты тойхана бар. Атам қазақтың "аруақтардың мазасын алмау керек" деген қағидасы бұл жерге жүрмейтін сықылды. Түні бойы той тойлап, даңғаза музыкасы бір тынбайтын тойхананың дәл қуғын-сүргін құрбандарына арналған қасіретті кешеннің қасында орын тепкені көңіл қабаржытатыны рас. Жер жетпегендей дәл осы маңға салтанат сарайының салынуына мұрындық болғандар, әрине, жергілікті атқарушы биліктегілер. Жылда мамыр айында осы қасіретті кешенге шымкенттің шенеуніктері келіп гүл қояды. Аруақтарға тағзым етеді. Солай ете тұрып маңында қандай сорақылықтар болып жатқанын көрмеуі, әрине, мүмкін емес... Бәлкім, "біздің Шымкентте бәрі бола береді" деп қолды бір сілтейтін шығар. Кім білген? Мәселенің мәнісіне үңілмек болып қалалық құрылыс бөліміне хабарласқанбыз. "Жерленгендерге 30 жыл өткен соң онда құрылыс жүргізуге рұқсат беріледі. Рұқсаты болса жауапқа тартылмайды. Егер рұқсатсыз салынса соттың шешімімен бұзылады. Бүгінде зираттың үстіне жол салынып та жатыр ғой". Жауапты мекеменің жауапты маманының жауабы осы болды. Алып қосарымыз жоқ... Сіз не дейсіз?!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста