25 пайыз аз ба, көп пе?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Әрбiр адам өмiрiнде бiр рет болса да карта ойынын ойнаған шығар. Ондағы ең басты карта – «туз». Ол тiптi корольден де жоғары тұрады. Өйткенi «туз» ақша деген ұғымды бiлдiредi екен. «Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң да талтаңда» демекшi, ақшаның тiршiлiктегi алатын орны бәрiмiзге де белгiлi. Қазiргi уақытта денсаулық сақтау саласына, бiлiм саласына мемлекет тарапынан бөлiнiп отырған қаржы да аз емес сияқты және әр жыл сайын өсiп келедi. Ал бұл жеткiлiктi ме?
Қарапайым халықтың арасында жүргiзiлген мына бiр сауалнамаға көз жүгiртсек, бес адамнан тұратын отбасының бiр айда жұмсайтын ең аз шығыны мынадай екен: күнделiктi iшiм-жемге, тамаққа – 30 мың теңге, әр баланың күнделiктi жұмсайтын ақшасы – 200 теңге, бiр айда алты мың теңге, ал үш балаға – 18 мың теңге. Ал үлкендерге шамамен 10 мың теңгеден, екi адамға – 20 мың теңге. Сонда бiр отбасына 68 мың теңге жұмсалады екен. Ендi оған мерекеге, киiм-кешекке, той-томалаққа жұмсалатын шығынды қосып көрiңiз.
Жаңа үшжылдық бюджетте, бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң жалақысын кезең-кезеңмен өсiру арқылы 2012 жылы екi есеге, оның iшiнде 2009 жылы – 25%, 2010 жылы – 25%, 2011   жылы 30 пайызға арттыру көзделiп отыр. Бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң қатарында мұғалiмдер мен дәрiгерлердiң бары бәрiмiзге белгiлi. 2009 жылы 25 пайызға артқаннан кейiнгi мұғалiмдердiң айлық жалақысы қанша өсетiнiн есептеп көрелiк. Ол үшiн мұғалiмдердiң жалақысы қандай көрсеткiштерден құралатынын анықтап алайық. 10890 теңге – бастапқы жалақы, жүктемесi – 18 сағат, ал А – мұғалiмге бөлiнген нақты сағаты, В – еңбек өтiлiнiң көрсеткiшi, Д – санатқа қосылатын пайыздық көрсеткiш. Д-жоғарғы санатқа – 60 пайыз, 1-санатқа – 35 пайыз, 2-санатқа 20 пайыз үстеме қосылады. Сонда мынадай формула шығады 10890:18*А*В+Д%. Бастапқы жалақы 2008 жылы 8712 теңгенi құраса, 2009 жылы 25 пайызға артқаннан кейiн 10890 теңгеге жеттi. Дәрiгерлердiң де жалақысы бастапқы жалақыдан және әртүрлi есептiк көрсеткiштерден құралады. Сауалнамадағы шығын жиынтығына (ол 68000) жету үшiн бастапқы жалақы 15000 теңгеден кем болмауы керек.
Әрбiр мұғалiмнiң – 10 жыл, әрбiр дәрiгердiң 20 жыл еңбек өтiлi жоқ екенiн де ескерiңiз.
Парақорлық жайлы сауалнамаға қатысқан қарапайым халықтың 1-орынды дәл осы, денсаулық сақтау мен бiлiм салалары қызметкерлерiне беруi – ойландыратын жағдай. Шындығында да, күнделiктi тiршiлiкте қарапайым халықпен жиi кездесетiн осы салалардың қызметкерлерi екендiгi рас. Ал көптiң iшiнде аласы да көп. Көпшiлiгiңiз мұндай келеңсiздiкпен ұшырасқан да шығарсыз. Кейбiр дәрiгерлер, сылап-сипап, алдап-арбап, ишара жасап, әртүрлi жетiспеушiлiктердi алға тартып, ақша сұрайды. Ендi бiрi – тиесiлi дәрiгерлiк көмектi көрсетпей, ақша беруге мәжбүрлейдi. Кейбiреуi көзiңдi бақырайтып қойып, «мынанша ақша бересiң» деп ашық айтады. Мұғалiмдер арасындағы парақорлықтың бiрi – санат сату. Санатыңыз жоғарыласа, айлық жалақыңыз артады. Қорыта келгенде, мардымсыз жалақы жемқорлыққа жетелеп отыр.

Жалақы 25 пайызға артқаннан кейiн 10 жыл еңбек өтiлi бар мұғалiмнiң еңбекақысына қосылатын ақша шамамен 5-6,5 мың теңге, ал 20 жыл еңбек өтiлi бар дәрiгердiң айлық жалақысы шамамен 8-12 мың теңгеге өседi екен. Ал мұның аз, не көптiгiн өзiңiз пайымдаңыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста